13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданында электр желілерінің құрылысы аяқталды

8 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағынауданында электр желілерінің құрылысы аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысты. Шымкент қаласында шағынаудандарды электр қуатымен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Осы орайда Абай ауданы аумағындағы Асар-2 шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарының 2-кезеңі аяқталды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ел игілігіне тапсырылған нысанның мүмкіндіктерімен танысып, тұрғындарды инженерлік жүйелермен қамту кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті. Құрылысты бас мердігер “А.Мерей и К” ЖШС жүргізіп, жалпы 5 айда аяқтады. Жоба құны — 1 109,4 млн. теңге. Құрылыс барысында ұзындығы 105,2 шақырым электр желілері жүргізілді. Оның ішінде, 1 дана РП 10КВ ,11 дана КТПН 10/0,4, электр қондырғыларының құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда аталған мекен-жайда құрылыс жұмыстары аяқталып, нәтижесінде 1 150 абонент сапалы электр қуатының тұтынуға мүмкіндік алды. Шағынаудан тұрғындары (1110 үй) осыған дейін жекеменшік электр жүйесін тұтынып келген болатын. Енді оларға мемлекеттік жүйеге қосылуға жағдай жасалып отыр. Айта кетейік, 2024-2025 жылдары елді мекендердің жаңақұрылыс аумақтарын (Сайрам, Бозарық, Құрсай, Сәуле, Асар-2, Қайнарбұлақ) сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жоспарда тұр. Еске сала кетсек, жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді. Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бұрын жеке трансформаторларды қолданып келген және электр қуатының сапасына шағымданған болатын. Ал енді елдімекен халқы бұл қызмет үшін артық төлем жасамайды. Сонымен қатар, станция жаңа тұрғын үйлерді ғана емес, әлеуметтік нысандарды да электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Previous Post

Шымкентте«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары басталды

Next Post

«ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ»: Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы құрылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі