13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

СОҢҒЫ АУЫЗАШАРДА ИМАМДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

12 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
СОҢҒЫ АУЫЗАШАРДА ИМАМДАРҒА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде «Қош бол, Рамазан!» атты рухани ауызашар өткізілді. Ауызашар дастарқанына имамдар, мәдениет саласының мамандары, танымал спортшылар мен әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлер қатысты.
Рухани кешті ұйымдастырушы «SMAN» отандық аяқ киімдер брендінің негізін қалаушы Бекарыс Сман қонақтақтарды берекелі аймен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
—Рамазан – күллі мұсылмандар үшін ерекше маңызға ие қасиетті ай, бұл айда Исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, ізгілік пен сабырлылықты дәріптеу парызымыз. Бұл құндылықтар еліміздің бірлігін бекемдей түсуге және жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке баули отырып тәрбиелеуге оң ықпалын тигізеді. Осы орайда елімізді бірлікке, жақсылыққа шақырып, асыл дінімізді уағыздап жүретін имамдарымыздың еңбегі еленбей қалатыны жасырын емес. Сондықтан бүгінгі ауызашарда дін үшін қызметте жүрген молда, имамдарымызға өзімнің және қала кәсіпкерлерінің атынан бес автокөлік сыйға тартамыз. Алланның қалауымен бұл үрдісті дәстүрге айналдыру мақсатым, – деді Бекарыс Сман.
Айта кетейік, «SMAN» бренді Қазақстан нарығында 2014 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Компания жылына 20 мыңнан астам ерлер мен әйелдер аяқ киімдерін, сондай-ақ премиум сападағы сөмкелер мен аксессуарлар шығарады. Танымал бренд иесі басқа да қайырымдылық шараларға белсене атсалысады. Аталған жоба өткен жылы Алматы қаласынан басталып, ол кеште үш имамға автокөлік табысталған. Шымкентте қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде «Қош бол рамазан» атты рухани ауызашар өткізілді. Ауызашар дастарханына имамдар, мәдениет саласының мамандары, танымал спортшылар мен әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлер қатысты.

Previous Post

КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ: ИСПОЛЬЗОВАТЬ ПОТЕНЦИАЛ НАУКИ ДЛЯ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ТЕХНОГЕННЫХ И ПРИРОДНЫХ КАТАСТРОФ

Next Post

Туған жерді аялау – азаматтық парызымыз  

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі