13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Колледж студенттеріне дін тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

12 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Колледж студенттеріне дін тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

«Жастар арасында ұлтаралық татулық» пен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыптарында сөз қозғалды. Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасын дін тақырыбында кездесулер өтті. Діни тақырыптар арасында Достық колледжі және Орта Азия медициналық колледжінің студенттері мен дін өкілдері пікір алмасып, түсіндірме дұмыстары жүргізілді. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан және Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперт маманы Омарбаев Бектұрсын Ақбердіұлы қатысты. Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық» пен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыптарында сөз қозғалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сонымен қатар, теріс діни ағымдарыдан сақтану бойынша кездесу өткізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде Түркістан жоғарғы аграрлық колледжінің студенттеріне аталған тақырып аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Шымкент қаласы Жанқожа мешітінің наиб имамы Абдикаликов Асылбек , Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Әбдікәрім Нұржан қатысып, жастарға өзекті мәселенің түйінін тарқата айтып берді. Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық», «Жастардың діни танымына әлеуметтік желілердің әсері» мен «Теріс бағыттағы діни ағымдардың ықпалы» тақырыптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кездесу соңында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Previous Post

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына Ассамблея өкілдері де қатысты

Next Post

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі