13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жастармен өзекті мәселелер бойынша кездесу өтті

9 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте жастармен өзекті мәселелер бойынша кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алады. Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы Индустриалды-техникалық колледжінде «Лайықты ұрпақ — болашақ кепілі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Ұлттың ұлт болып қалуы, қоғамның дамуы, мемлекеттің өркендеуі ең алдымен отбасы тәрбиесінен бастау алады. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу мемлекеттік деңгейде қадағалануы тиіс. Кездесу осы мақсатта ұйымдастырылды. Шараға Тұран ауданы әкімдігінің қызметкері Сахов Мадияр, Шымкент қаласы психикалық денсаулық сақтау орталығының психолог маманы Умарбекова Айнұр, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан қатысты. «Жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық тұрғыда тәрбиелеу – бәрімізден бірлік пен ынтымақты талап ететін басты міндет. Сондықтан да жастардың жан-жақты, әрі олардың ізденісте, қозғалыста болуына ықпал етуіміз керек»,- деді Мадияр Сахов. Сондай-ақ, дін істері басқармасының теолог маманы жастарға дін жайында айтып, жастарды толғандырған бірқатар сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты кездесу өтті. Орталықтың ұйытқысымен өткен кездесу Энергетика және байланыс колледжінің студенттеріне «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбы кеңінен насихатталды. Іс-шараға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Алтыбаева Гүлжамал, Қаратау ауданы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Бойшева Қыздығой және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Қалдыбай Аида қатысты. Кездесу барысында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда қандай әрекет жасау қажеттілігі туралы ақпараттармен бөлісіп, қоғамдағы келеңсізі мәселенің өзектілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Previous Post

Шымкент қаласында тасымалдаушы кәсіпкердің құқығы қорғалды

Next Post

«Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл: цифрландыру мемлекеттік қызметтер саласын қалай өзгертті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі