13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентке жыл басынан бері 11 мыңға жуық шетелдік турист келді

9 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентке жыл басынан бері 11 мыңға жуық шетелдік турист келді
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шетелдіктердің басым бөлігі «Shym Qala» тарихи-мәдени орталығы мен «Арбат» демалыс алаңына қызығушылық танытып отыр. e-Qonaq желісіндегі сараптамалық көрсеткіш бойынша үшінші Шымкент қаласында 3 ай ішінде шетелден 10 837 қонақ келген. Олардың көбі Өзбекстан, Ресей, Қытайдан келген туристер. Шетелдіктердің басым бөлігі «Shym Qala» тарихи-мәдени орталығы мен «Арбат» демалыс алаңына қызығушылық танытып отыр. Статистикаға көз жүгіртсек, сұранысқа ие туристік орталықтар қатарында қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі, тарихи-өлкетану мұражайы мен “Бәйдібек би” монументі бар. Кез келген қала қонағы мегаполистің демалыс орындары туралы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының дүңгіршектері арқылы біле алады. Жыл басынан бері орталық 100-ге жуық азаматқа қызмет көрсеткен. Дүңгіршектер Әл-Фараби алаңы, 2/10 және Бакбаев көшесі, 51в мекен-жайында орналасқан. Айта кетейік, туризм басқармасы тарапынан қала туризмін дамытуға үлес қосқан бизнес иелері үшін ынталандыру шаралары қарастырылған. Басқарма туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың 10%-ын өтеп, туристік автобустарды сатып алу бойынша 25% өтемақы береді. Сонымен қатар, жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде 10% өтемақы қарастырылған және кәсіпкерлік субъектілерінде санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия бөлінеді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы маркетингтік ілгерілету, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, «Креативті индустрияны» дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту және ынтымақтастықты нығайту секілді 4 бағытта жұмыс жасауда.

Ерлан Ермекұлы өз сөзінде Шымкент қаласының қазіргі таңда Қазақстанның 8 өңірімен және 4 халықаралық бағытта тікелей әуе қатынасы бар екенін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қаламызға 158 224 турист келген. Сәйкесінше, қала экономикасына түскен табыс көлемі 9,5 млрд. теңгені құраған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 2 есеге арттыру, яғни 19 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ал, былтыр Шымкент қаласына келуші турист саны 213 394 адамды құрап, туризм саласынан қала экономикасына түскен табыс көлемі 12,8 млрд. теңгеге жеткен болатын.

Үшінші мегаполистің көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қаңтар айында ашылған «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы жыл басынан бері әзірленген 17 маршрут бойынша 115 тегін экскурсия ұйымдастырып, 11 мыңға жуық туристке қызмет көрсетті. Орталық базасында қаладағы халық көп шоғырланатын нүктелерде 7 ақпараттық киоск орналастырылған.

Previous Post

РҰҚСАТСЫЗ ҚОҚЫС ТАСТАЙТЫН 26 НҮКТЕ ТАЗАРТЫЛДЫ

Next Post

Шымкент қаласында тасымалдаушы кәсіпкердің құқығы қорғалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі