13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

9 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Асар-2 елдімекенінде РП-10кВ электр станциясы іске қосылды. Электр тарату бекетін қолданысқа беруге арналған салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Жергілікті халықты сапалы жарықпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар былтыр қараша айында басталды. Қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде 1150 абонент үздіксіз электр қуатына қол жеткізді.
Айта кетейік, жергілікті тұрғындар бұрын жеке трансформаторларды қолданып келген және электр қуатының сапасына шағымданған болатын. Ал енді елдімекен халқы бұл қызмет үшін артық төлем жасамайды. Сонымен қатар, станция жаңа тұрғын үйлерді ғана емес, әлеуметтік нысандарды да электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған.

Қалған аймақтарды қамту мәселесі кезең-кезіңмен шешіледі. Биыл қаладағы 3 магистралдық коллекторы, 6 ішкі орамдық жүйенің құрылысы жүзеге асырылады.

Қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарына бұл бағыттағы жұмыс жоспарларын баяндады. Аудандағы III, IV, V сектор бойынша 2022 жылы Хлопзавод көшесіне кәріз жүйесін жүргізу жоспарлануда.

2023 жылы «Ескі қалашық» шағынауданы мен Жансүгіров көшесін кәріз жүйесімен қамтамасыз ету энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді.

Қаланың 2022-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Сондай-ақ, аудандағы III, IV, V сектор бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы 3 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 2022 жылы 6 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, «Қарасу» шағынауданындағы №70/78, Рашидов көшесіндегі №256, Тәшенов көшесіндегі №77, Тәуке хан даңғылындағы №32, Е.Тұрысов көшесіндегі №51, Ғ.Іляев көшесіндегі №65 үй жөндеуден өтеді.

Previous Post

Қызылша ауруы және оның алдын алу

Next Post

РҰҚСАТСЫЗ ҚОҚЫС ТАСТАЙТЫН 26 НҮКТЕ ТАЗАРТЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі