13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫ ҚАЖЕТ

10 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУДА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫ ҚАЖЕТ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков елдімекендердің белсенді азаматтарымен, көшелер, тұрғын үйлер басқарушыларымен кездесіп, мегаполисті дамыту жайын талқылады. Тұрғындар тарапынан елдімекендерді абаттандыруға, қоғамдық көліктерге, жол жөндеуге, жер қатынастарына байланысты бірқатар мәселелер қозғалды. Сонымен қатар шағынаудандарға қажетті әлеуметтік нысандар мен салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беретін спорт алаңдарын салу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ғабит Әбдімәжитұлы сала басшылары мен аудан әкімдеріне халықтың талап-тілектерін назарға алып, туындаған өзекті мәселелерді шешуде белсенділермен тығыз жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ кездесуде қала тазалығын сақтауға, көріктендіруге қатысты ұсыныстар талқыланды. Бұл ретте қала басшысы Президент тапсырмасымен елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтетін шараларға халықты жұдырықтай жұмылдыруға шақырды. Тұрғындардың ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсетіп, өскелең ұрпақты патриоттылық пен еңбекқорлыққа тәрбилейтін тазалық шараларының маңыздылығына тоқталды. Қала жанашырларын өз аумақтарын таза ұстауын қадағалап, мәдениетті қалыптастыруда, жасыл желектерді көбейтіп, суару жүйелерін күтіп ұстауда бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Экологиялық акцияның бірінші кезеңі «Таза өлке» тақырыбы бойынша өтуде. Ол 14 сәуірге дейін жалғасады. Жоспарланған жұмыс шеңберінде қаладағы аялдамалар мен аяқжолдар жуылып, жол жиектері қоқыстан толық тазартылды. Жерасты және жерүсті өткелдері мен халық көп қатынайтын көшелер де сумен жуылып, тазаланды. Тазалық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында қала аумағы секторларға бөлініп, жұмыс жүйе бойынша жүргізілуде. Бұл шараға әр ауданнан 150-ден аса қызметкер мен 15-ке жуық техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, республикалық акцияға қала әкімдігіне қарасты барлық басқарма қызметкерлері де қатысып жатыр. Әр мекеме өзінің ауласын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді. Тазалықты басты орынға қойған Шымкент тұрғындары да экологиялық акцияға белсене қатысып жатыр. Жастар бұл апталық шарасында ағаштарды әктеп, жол жиегіндегі ирригациялық арықтарды қоқыс пен шөптен тазартып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қол ұшын созды. Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.

 

Previous Post

В Шымкенте прошёл казахстанско-китайский форум

Next Post

Шымкент қаласында биыл жастарға жалдамалы 900 пәтер беру жоспарлануда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі