13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте балаларға арналған «Galaxy Logoped» түзету орталығы ашылды

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте балаларға арналған «Galaxy Logoped» түзету орталығы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ерекше балаларға арналған «Galaxy Logoped» түзету орталығы ашылды. Мұнда сөйлеу процесінде проблемалары бар балақайлармен қатар, дамуында қандай да бір кешігулер байқалған бүлдіршіндер де қабылданады. Арнайы орталық заманауи, соңғы үлгідегі жаңа техникалармен жабдықталған. Онда білікті дәрігерлер мен мамандар жұмыс істейді.

Бұл орталықта ерекше балалар сөйлеуді, еңбектеуді, аяққа тұрып, алғашқы қадамын басуды үйренеді. Түзету орталығында дефектолог, сурдодефектолог, логопед мамандары жұмыс істейді. Сондай ақ, мұнда робототехника, қыш өнері, құм және ЛЭД терапиясы сабақтарымен қатар, массаждың барлық түрі, тіпті гидромассаж да бар. Орталыққа түрлі диагнозы бар кішкентай пациенттер қабылданады. Оларды емдеуде жаңа техника «НейроПорт» аппараты қолданылады. Бұл құрылғының елімізде тек 2 данасы бар екен.

Зульфия Юнусова, «Galaxy Logoped» түзету орталығының директоры: «Бізде жаңа аппарат «НейроПорт» деген бар. Сол аппарат арқылы балалардың дамуына, тілінің тез шығуына әрекет жасаймыз. Бұл техниканы Санкт-Петербургтан алдырттық. Мамандарымыз осы аппаратпен жұмыс істеу үшін 2 ай оқып, сертификат алды. Аппарат Қазақстан бойынша әлі ешкімде жоқ. Шымкентте бізде бар. Және Алматыда бір адам тек өзі үшін алдыртқан екен»

Түзету орталығы бір уақытта 60 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда жұмыс істейтін 25 білікті маман үнемі өз шеберлігін арттырып отырады. Орталықтағы емдік және бейімделетін дене шынықтыру массажының мамандары неміс технологиясы бойынша білім алған.

Дастан Сәметов, ЕДШ, ҚҚҚ маманы: «Бұл жерде біз ерекше балалармен жұмыс істейміз. Отыра алмайтын балалар болады, жүре алмайтын, еңбектей алмайтын бүлдіршіндер де болады. Соларға көмектесеміз»

Дәрігерлердің айтуынша, жыл санап Шымкентте сөйлеу қабілеті бұзылған балалар саны көбейген. Уақытылы және жоғарғы деңгейдегі көмек олардың қоғамға енуіне көмектеседі.

Ғалымжан Айнабек, мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері: «Осындай түзетуді қажет ететін балалар көп. Оны өзім мамандандырылған бөбектер үйіндегі балалардың өсіп, дамуынан байқап отырмын. Бізде де денсаулығында кешігулер болып жатқан балалар бар. Шымкент қаласының балаларына бұл өте жақсы орталық деп есептеймін. Мамандардың бәрі білікті»

«Galaxy Logoped» түзету орталығы ерекше бүлдіршіндерді қабылдауға әрқашан дайын. Арнайы мамандардың қызметін қажет етсеңіз, сіздерді 8-ші наурыз көшесі 22-ші ғимаратта күтеміз.

Previous Post

Шымкентте 3 айдың ішінде 600 адамнан сүт безінің қатерлі ісігі анықталды

Next Post

Туберкулез ауруының алдын алу шаралары

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі