13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: Шымкенттік азаматтар қаланы дамытуда ұсыныстарын жеткізді

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
​ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: Шымкенттік азаматтар қаланы дамытуда ұсыныстарын жеткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Әкім ұсыныс білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды. Қабылдау барысында мәдениет, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру мәселелері көтерілді. Тұрғындар қалада туризм салаларына дамытуға қатысты, білім беруде процестерді автоматтандыруға бағытталған жобаларымен қатар жаңа ескерткіштер орнатуға қатысты бастамаларын ұсынды. Қала басшысы мегаполисті дамытуда ұсыныстарын білдірген азаматтарға алғысын айтып, сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 200-ден аса азаматтың арыз-шағымдарын тыңдап, шешімдерін пысықтады. Ғ.Әбдімәжитұлы азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті тыңдап, заң шеңберінде, шұғыл түрде шешім қабылданатынын жеткізді. Сонымен қатар жауаптыларға тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, туындаған мәселелерді шешуде азаматтардың ұсыныстары мен талаптарын ескеруді тапсырды.
Осыған дейін, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 36 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырған еді. Қабылдау барысында әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезегі, инфрақұрылым жүйесі, кәсіпкерлік мақсатта жер телімін заңдастыру және қоғамдық көлік мәселелері көтерілді. Осы орайда қала тұрғыны Нұрман Төлебайұлы Орталық саябақта шахмат клубын салу бойынша ұсыныс айтқа еді.
Қала әкімі қарияның тілегін ескеріп, жауаптыларға саябақ аумағында шахмат клубын салу үшін эскиздік жоба дайындауға тапсырма берген болатын. Қабылдау кезінде Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтардың арыз-шағымы мен ұсыныс-тілектері жауапсыз қалмайтынын жеткізіп, тиісті басшыларға тапсырмалар міндеттеді. Айта кетейік, жеке қабылдауға жазылу барысын Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Previous Post

​ЛИЧНЫЙ ПРИЁМ: Граждане высказали предложения по развитию города

Next Post

МЕКТЕП МАҢАЙЫ ТАЗАРТЫЛЫП, АҒАШ ЕГІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі