13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

​«ШЫМКЕНТ-ТАЗА ҚАЛА»: Акция аясында аялдамалар мен көшелер тазартылды

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
​«ШЫМКЕНТ-ТАЗА ҚАЛА»: Акция аясында аялдамалар мен көшелер тазартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Экологиялық акцияның бірінші кезеңі «Таза өлке» тақырыбы бойынша өтуде. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласында 5 аудан әкімдіктерінің коммуналдық қызметкерлері көшелерді тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді. Экологиялық акцияның бірінші кезеңі «Таза өлке» тақырыбы бойынша өтуде. Ол 14 сәуірге дейін жалғасады. Жоспарланған жұмыс шеңберінде қаладағы аялдамалар мен аяқжолдар жуылып, жол жиектері қоқыстан толық тазартылды. Жерасты және жерүсті өткелдері мен халық көп қатынайтын көшелер де сумен жуылып, тазаланды. Тазалық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында қала аумағы секторларға бөлініп, жұмыс жүйе бойынша жүргізілуде. Бұл шараға әр ауданнан 150-ден аса қызметкер мен 15-ке жуық техника жұмылдырылды. Бұдан бөлек, республикалық акцияға қала әкімдігіне қарасты барлық басқарма қызметкерлері де қатысып жатыр. Әр мекеме өзінің ауласын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді. Тазалықты басты орынға қойған Шымкент тұрғындары да экологиялық акцияға белсене қатысып жатыр. Жастар бұл апталық шарасында ағаштарды әктеп, жол жиегіндегі ирригациялық арықтарды қоқыс пен шөптен тазартып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне қол ұшын созды. Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.

Previous Post

Шымкентте автобуста тегін жүретін жолаушылар қатары артады

Next Post

​ЛИЧНЫЙ ПРИЁМ: Граждане высказали предложения по развитию города

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі