13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкерлер су басқан өңірлерге көмек жіберді

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік кәсіпкерлер су басқан өңірлерге көмек жіберді
Share on FacebookShare on Twitter

Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне және іскер әйелдер кеңесіне мүше кәсіпкерлер бөлген заттай көмек Палата жанындағы қоймаға жиналды.

Шымкенттің бизнес қауымдастығы қалалық кәсіпкерлер палатасымен бірге төтенше жағдай жарияланған өңірлерге көмек қолын созды. Өңірлік палата директоры Сабира Адамбекованың жетекшілігімен үйлестіру штабы жедел ұйымдасып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне және іскер әйелдер кеңесіне мүше кәсіпкерлер бөлген заттай көмек Палата жанындағы қоймаға жиналды. Арасында тұрғындарға бірінші қажет заттар мен бөгетке құруға тапшы күректерден бастап жеке гигиена құралдары, азық-түлік, төсек жабдықтары бар. Кәсіпкерлер, сонымен қатар, арнайы қордың шотына қаржылай да көмектерін аударды. «Штаб құрылғалы бері жұмыс қызу жүруде. Кәсіпкерлер палатасы мен қаламыздың іскер азаматтары төтенше жағдайдан шет қалмай, қол ұштарын созуда. Алғашқы күндері жалпы сомасы 100 миллион теңгеге жуық көмек жиналды. Олар – заттай және қаржылай көмек. Жиналған жүктің алғашқы бөлігі кеше Орал қаласына жіберілді, – дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ақниет Абдіқадірова. Ақниет Маратқызы штаб жұмысын үйлестіріп, көрсетілген көмек тізімін жасауға жауапты. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Еске сала кетсек, бұған дейін қалалық Жастар ресурстық орталығының ғимаратында қабылдау пункті жұмысын бастаған болатын. Ақтөбе облысының Ойыл ауданына гуманитарлық көмектің алғашқы легі жөнелтілді. Арнайы көліктер зардап шеккендерге азық-түлік, төсек-орын, киім-кешек сияқты бірінші қажеттіліктерден құралған 10 тонна жүк жеткізген. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек жинайтын пункт қалалық Қазақстан халқы ассамблеясында ашылды. Ассамблея өкілдері 20 тоннаға жуық гуманитарлық жүктің алғашқы партиясын Атырау облысына жөнелтті. Содан кейін Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберді. Сондай-ақ, шымкенттіктер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ашылған арнайы банк шотына қаржы аударады. Гуманитарлық көмекті жинау белсенді түрде жалғасуда.

Previous Post

В ШЫМКЕНТЕ ПРОХОДИТ АКЦИЯ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Next Post

Шымкентте автобуста тегін жүретін жолаушылар қатары артады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі