13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

100 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

11 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
100 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласына үш айда 98,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жалпы жауаптылар жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ жиында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де талқыланды.

Шымкентте 130 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Ал, жыл басынан кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі артқан . КөрСеткіш 250,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артқан. Сондай-ақ инвестиция тарту бойынша да тиісті жұмыстар атқарылып жатыр дейді сала маманы.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында биыл жылға 21,05 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның 18,65-і республикалық бюджеттен болса, 2,4 млрды жергілікті бюджет есебінен екен.

Сондай-ақ брифингте бөлшек сауда жайында да айтылды. Мәселен қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша шаһардың бөлшек сауда көлемі 191,6 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,9 пайызды көрсетті.Жедел қарқынмен дамып жатқан Шымкент қаласында өз қаржысын құйып, кәсібін жүргізгісі келетін инвесторға барлық жағдай жасалған. Бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету сияқты салаларда инвестиция көлемінің жылдан жылға артып жатқаны айқын дәлел бола алады. Мәселен, өткен жылы Шымқаладағы 14 жобаға 14,6 млрд теңге көлемінде инвестиция салыныпты. Соның нәтижесінде 413 адам жұмыс тапты. Бұл шаһардың инвестициялық тартымдылығын көрсетеді. Жергілікті кәсіпкерлермен қатар, шетелдік компаниялар да түрлі жобаларға қаржы құюға ықылас танытып отыр.

Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың Чанчзи-Хуэй автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Су Сяоли бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Жүздесуде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара әлеуеті мол инвестициялық жобалар талқыланды. Шаһар басшысы еліміздегі үшінші мегаполисте кәсіпкерлерге қолайлы әрі тартымды инвест-климат қалыптасқанын атап өтті. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлерге өзара өзаоа тиімді жобалар мен мүмкіндіктер жөнінде мағлұмат берілді.

Previous Post

Иммундау – инфекциялардан қорғанудың ең жақсы тәсілі

Next Post

Қаңғыбас ит-мысықты аулауға байланысты айына 400-ге жуық шақырту түседі

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі