13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

12 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көшет егіп халықты тазалыққа баса мән беруге шақырды. Бүгін Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылының орталық көшесінің бойы мен «Батыс Қытай — Батыс Европа» автодәлізінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға елді мекен тұрғындары, спортшылар, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және жастар қатысты. Жалпы саны 8 техника мен 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында 2500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 120 тонна ретсіз күл-қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору жұмыстары жүргізілді. Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Арыс өзенінің бойы, орталық көшелердің бойы мен «Темір баба» кесенесі аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға елді мекен тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және жастар қатысты.
Жалпы саны 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында Арыс өзенінің бойы ретсіз күл-қоқыстан тазартылып, 3 шақырым арық-атыз тазартылды.
Сондай-ақ, санитарлық тазалық пен көріктендіру бойынша көше бойлары тазаланып, скверлер аумағында ағаштар әктелініп, шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында жалпы саны 1500 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Ақсукент ауылдық округі аумағындағы арнаулы орта оқу орындары да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысуда. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Ағымдағы жылдың 11 сәуірі Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының жұмыстарын жоспарлы түрде жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» атты апталықтар аясында колледж аумағында тал отырғызу, гүл егу, тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынуда. Білім ордасының ұстаздары мен білім алушылары және колледж директоры Нұргүл Жақсылыққызы акцияға жоғарғы деңгейде белсенділік танытып, колледж аумағын абаттандыру, гүлзарларды тазартып, табиғаттың көркін ашатын гүлдерді де отыр

Previous Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: ЕЛ БІРЛІГІ ЕҢБЕКТІ ЕСЕЛЕЙ ТҮСЕДІ

Next Post

Көкжөтел ауруын алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі