13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте бес мыңдай азамат қайтарымсыз грантқа ие болды

15 декабря, 2020
in Қоғам
0
Шымкентте бес мыңдай азамат қайтарымсыз грантқа ие болды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4818 азаматтың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаржылай қолдауға ие болды. Мемлекеттік грант негізінде қайтарымсыз қаражат алған қала тұрғындары өз істерін бастап отыр. Олар көбінесе тігін, кондитерлік өнімдер әзірлеу мен мал шаруашылығына таңдау білдірген.

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше бұл бағыт бойынша жұмыстар биылғы жылдың 11 айы ішінде 98 пайызға орындалған. Жаңа бизнес-идеяларды  іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты еңбекке қажетті құрал-жабдықтар алуға және ауыл шаруашылығымен айналысуға ниет білдіргендерге көп жәрдемін тигізіп отыр.

Мемлекеттік грантқа — бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған немесе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен және бұған дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында грант алмаған жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер мен шет мемлекеттерден қоныс аударған азаматтар үміткер бола алады.

Ал, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2820 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқуға жолданған. Сонымен қатар,  ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорымен түзілген келісімнің нәтижесінде 74 шымкенттік шағын несиеге қол жеткізген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкент халық санының өсімі бойынша екінші орында

Next Post

«Nur Otan»-мен бірге нұрлы болашаққа!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі