13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ел тәуелсіздігін нығайту – басты міндет!

15 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Ел тәуелсіздігін нығайту – басты міндет!
Share on FacebookShare on Twitter

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, бақытты ұрпақ екенімізге сөзсіз көзіміз жетеді. Сан қилы тағдырды, тар жол тайғақ кешуді басынан өткере отырып, етігімен су, толарсақтан саз кешіп, тәуелсіздікке қол жеткізген халықпыз. Бүгінгі аспанымыздың ашық, қоғамымыздыңеркін болуы -сол қиыншылық пен түрлі кедергілерге ата-бабамыздың қасқая тұрып кеудесінің тосуы, ұрпағының азат елде өмір сүруі үшін төккен маңдай терінің, жасымаған жігерінің нәтижесі деп білемін.

Бұл күн –қайсар мінезді, ер жүректі ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалған аяулы күн, сондай-ақ таңбасы таста жазылған тарихтың жаңа беттерінің ашылған күні. Егeмендігімізді айқындайтын көк туымызкөкте желбіреп, әнұранымыз әлемді шарлай әуелеп, елтаңбамыз  eлдіктің айшықты бeлгісі болып Ата Зaңымыз төлқұжатымызға aйналды.Шекарaмыздың белгіленіп, экономикамыздың дaмуы, төл теңгеміздің қолдaнысқа енгізілуі, шет елдегі қaндастарымыздың атaжұртқа оралуы, дініміз бен тіліміздің тынысы ашылып, рухани құндылықтарымыздың қайта жандануы, халқымыздың келешекке деген сенімін оятып, үлкен серпіліс тудырды. Мұның барлығы aз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның іргелі ел, айбынды мемлекет болып қалыптасқанын ұқтырады. Ғaсырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздікті жариялаған күннен бастап, ел-жұртымыз Мәңгілік ел болудың басты алғышарттарын түзіп, жасампаздық жолына, дамудың даңғылына түсті.

Ел президенті Қ. Тоқаевтың «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» деуінің сыры тереңде деп ойлaймын. Себебі, aтадан бaлаға мұрa болып қалған жазиралы жерімізді, аққу дауысы қиқулаған айдын көлімізді, қонақ келсе ұсынатын киелі төрімізді сaқтап қалу біздің міндетіміз. Қазақстанның қарқынды дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімізді қоса отырып, Елбасымыздың  «Мәңгілік ел» атану мұратына талпынуымыз қажет.

30 жылдық егемендіктің қалыптасу кезеңінде, біз жұмыс жасап отырған сала aзаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, aянбай еңбек етуде. Кемел келешектің кілтін тауып, жарқын болашақтың биігіне бастар даңғыл жолдан адаспай, дамыған елдермен терезесі тең түсетін мемлекет атану үшін барымызды салып, адал қызмет атқарудамыз.

Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде,еліміздегі бейбітшілікті берекелі етудің, толеранттылықтың жарқын үлгісін, әлем елдерімен ашықтыққа  негізделген  қатынастардың ерекше  жолын қалыптастырды. Мемлекетіміздің қауіпсіздікті нығайту мақсатында ең алғаш болып ядролық қарудан бас тарту арқылы бейбітшілікті қолдауы әлем елдері алдында  абыройымызды асқақтатты.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікке қабілеті жоғары, дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылғанын мақтанышпен айта кеткеніміз жөн.

Мен үшін Отанды сүю – ең қуатты сезім! Отанымның бір бөлшегі ретінде, асқақ рухпен қашанда оған қызмет етуді мақсат тұтып, мақсатымды амалға асыру жолында барымды салып қызмет етіп келемін. Тәуелсіз еліміздің бізге артар сенімі мол.

Тәуелсіздікке тәу еткен халқымыз өз Отаны – Қазақ­станның өркендеу жолына түскеніне куә болуда. Тіпті қазір елімізде орын алған пандемиялық кезеңді де ауызбіршілікпен еңсерудеміз. Қандай қиыншылық болса да, өз білімі мен білігін ортаға салар, мол тәжірибелі аға-әпкелеріміз барда біздің ел еңсесін тіктеп, кемел келешекке қадамды нық басатынынасенімім кәміл.

Тұғырлы тәуелсіздігімізді асқақтату, қадір-қасиетін арттыру сіз бен біздің – басты парызымыз екенін ұмытпайық. Олүшін Отанымыздышынжүрекпенсүю, оны қастерлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу қажет!

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын! Отбасымыз аман, аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

 

Шымкент гарнизоны

әскери прокуратурасының

аға прокуроры

әділет майоры  Нұрмаханбетов  Бақытжан Керімжанұлы

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентәскери прокуратура
Previous Post

Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды

Next Post

Шымкент халық санының өсімі бойынша екінші орында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі