13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Электромагниттік өрістердің адам денсаулығына әсері

1 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Электромагниттік өрістердің адам денсаулығына әсері
Share on FacebookShare on Twitter

Электромагниттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасының өзектілігі антропогендік сәулелену көздері тудыратын электромагниттік өрістердің (ЭМӨ) әсеріне байланысты халықтың денсаулығына елеулі түрде артқан қауіппен айқындалады. Адам қоныстану аумақтарында, өндірістік жағдайларда, тұрғын, әкімшілік, кеңселік үй-жайларда, білім беру және емдеу-профилактикалық мекемелерде электромагниттік өрістің әсеріне ұшырайды.
Электромагниттік толқындар адам ағзасындағы қолайсыз өзгерістерге:
— орталық жүйке-жүйесінің бұзылуына;
— жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуына;
— қанның морфологиялық құрамының бұзылуына әкеп соғады.
ЭМӨ қауіпті әсерін болдырмау үшін қандай электр құрылғыларын қолдануды және үйіңізде оларды қалай орналастыруды ойластырсаңыз жеткілікті:
— электр құрылғыларын бір жерде топтастырмау, оларды бір-бірінің ЭМӨ-сін күшейтпейтіндей етіп орналастыру;
— электр құрылғыларын асхана, жұмыс үстелі, ұйықтау және демалыс орындарына жақын орналастырмау;
— балалар бөлмесін ЭМӨ-ге мұқият тексеру, бөлмеде радиомен басқарылатын немесе электрлі ойыншықтардың, планшеттің, смартфонның, ноутбуктың тұрақты түрде болуына жол бермеу;
— электр құрылғылардың бәрін бір уақытта емес, кезекпен қосу: ұялы телефон, компьютер, микротолқынды пеш, теледидар әртүрлі уақытта қосылуы тиіс;
Осындай алдын алу шаралары арқылы денсаулығыңызды сақтаңыз!

З. Рузметов
Түркістан облысының
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің бөлім басшысы

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Next Post

Жатыр мойны обырының алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі