13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тәуелсіздік күнінің қарсаңында 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

14 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тәуелсіздік күнінің қарсаңында 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды
Share on FacebookShare on Twitter

Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті.

– Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды,- деді әкім.

Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде қала бюджеті 1994 жылғы 1,0 млрд. теңге болса, бүгінгі күнде 455 млрд. теңгеден асқанын жеткізді. Қала экономикасына 2,6 трлн-нан астам инвестиция бағытталған. 1991 жылдан бері 6,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгенінен дерек келтірді.

«Қол жеткізген табыстарымыздың барлығы – Тәуелсіздіктің, осы жолда жан аямай тер төккен азаматтарымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Қашанда тәу етер Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын», – деді шаһар басшысы.

Салтанатты жиында «Асар» мөлтек ауданынынан 1200 орындық жалпы орта мектеп, «Нұрсәт» шағынауданынан бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын«Атамекен» медициналық орталығын және түсті металл мен арматура шығаратын өндіріс орны онлайн форматта ашылды.

Сонымен бірге, салтанатты шарада ҚР Президентінің Жарлығымен, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 46 азаматы ҚР Мемлекеттік наградамен марапатталды

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалар тапсырылды

Next Post

Айгүл Орынбек «Шапағат» медалімен марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі