Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Нұрсәт” шағынауданындағы №4 перинаталдық орталықта “Сәби -шаңырақ шаттығы” акциясы өткізілді.
Акция барысында аудан әкімі — Р.Мүлкеманов, қалалық мәслихат депутаты — А.Молдабек аналарды құттықтады.
“Аудан басшысы өз кезегінде Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында ана мен балаға деген қамқорлық назардан тыс қалған емес. Алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарға барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Себебі біздің Аруларымыз отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарымен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігері.Сіздерге еліміздің демографиясының дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін!”- деп, өз лебізін жеткізді.
Еске сала кетейік, орталықта «Отбасы күні» қарсаңында 10 нәресте (6 қыз бала, 4 ер бала) өмірге келген. Сондай-ақ, орталықтағы барлық босанған аналарға аудан әкімі атынан арнайы сый-сияпат жасалды.