13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АҚЫНДАР ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ

6 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
АҚЫНДАР ЕРЛІК ПЕН ЕЛДІКТІ ЖЫРҒА ҚОСТЫ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мереке қарсаңында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ерлік пен елдік рухы»атты жас ақындар айтысы өткізілді.

Жас дарынды әрі талантты жастарды қолдау мақсатында өткізіліп отырған дәстүрлі аудандық айтыста белгілі ақын Біржан Байтуов жетекшілік ететін «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің талантты 10 жас ақыны өз бақтарын сынады.

Жастар өнеріне қазылық етуші құрам қатарында танымал айтыскерлер Анар Жаппарқұлова, Ақмарал Леубаева және Бөрібай Оразымбет болды.

Ұлттық өнерімізді ұлықтауға бағытталған шарада аудан әкімі сөз алып, қатысушылар мен тұрғындарды мерекемен құттықтады.

«Елдік рухымыз, ұлттық санамыз, төл өнеріміз ең бастысы өзіміз үшін керек. Отанды да, өнерді де қорғайтын ел жастары тұрғанда біз келешекке кемел сеніммен қарауымыз керек. Ең бастысы ел іргесі аман, халқымыз бейбіт ғұмыр кешсін»-деді, аудан басшысы.

Тартысты өткен айтыс нәтижесі бойынша

Бас жүлде — Нұрлыбек Мейірманов,1 орын-Мейіржан Жақып, 2 орындар — Аян Ниязбек, Нұрғали Әнапия, 3 орындар — Бекарыс Рахматуллаев, Дәурен Полатбаевқа бұйырды. Арнайы жүлдені Жандос Мырзабек, Даниал Болысбек иеленді.

Еске сала кетейік, барлық қатысушылар мен жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйақылар табысталды.

Previous Post

Алтын құймалар контрабандасының жолы кесілді

Next Post

Улицы третьего мегаполиса закатают в асфальт

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі