13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бишімбаевтың сот отырысына журналистерді кіргізбейді: Ақпарат министрлігі мәселені шешуге тырысып жатыр

13 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Бишімбаевтың сот отырысына журналистерді кіргізбейді: Ақпарат министрлігі мәселені шешуге тырысып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мәдениет және ақпарат министрі бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында журналистерге орын беру шараларын қабылдап жатыр.
Айда Балаева министрліктің журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обьективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайтынын атап өтті.
«Кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді. Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізеді», – деді Аида Балаева.
Министр БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, заңның үстемдігін, бейтарап сот төрелігін ескеріп, жалған ақпарат тарату мен сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін 11-12 наурыз аралығында Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өткен еді.
Сот ашық режимде өтті, бірақ журналистерді сот залына кіргізбей, баспасөз орталығынан орын берді.
Нәтижесінде сот отырысы алқабилердің қатысуымен 27 наурыз күні сағат 10.00-де өтетін болды.

Previous Post

Алматылықтар жер сілкінісінен зақымданған ғимараттарды қалпына келтіру үшін қайда бара алады

Next Post

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова домбырасын өткізбеген әуе компаниясына шүйлікті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі