13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Таңсық Бимырзаева : «Nur otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген

13 декабря, 2020
in Қоғам
0
Таңсық Бимырзаева : «Nur otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Созақ ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары белсенді басталды. Аудандық мәслихат депутаттығына «Nur otan» партиясынан үміткер Бимырзаева Таңсық Қабаққызы «Құмкент» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен «ZOOM» форматында онлайн кездесу өткізді. Кездесуде ол партия мүшелеріне Созақ аудандық сайлауалды бағдарламасын таныстырды.Үміткердің айтуынша, партияның сайлауалды бағдараламасы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға негізделген.

-Біздің бағдарламамыз туған ауданды дамытуға бағытталған. Біз Түркістан облысының Созақ ауданын ауылшаруашылық өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынамыз.Біз ауданның дамуы мен өркендеуі үшін барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен ой алмасуға және кең ынтымақтастыққа дайын екенімізді мәлімдейміз – деді өз сөзінде Таңсық Қабаққызы.

Оның айтуынша, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Созақ ауданының артықшылықтары мен әлеуеті пайдаланылатын болады. Яғни алдағы 5 жылдықта мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауылшаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында 5 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы шаралар 2 мыңдай жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 229 мыңнан 270 мың теңгеге дейін өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан 4,8%-ға төмендетуге қол жеткізеді.

Кездесу соңында, Таңсық Қабаққызы: «Біздің міндетіміз – Созақ ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау», дей отырып, ауыл тұрғындары мен сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдап, дауыс беруге шақырды.

#BIZBIRGEMIZ #NUROTAN

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanНұр ОтанСайлауТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту

Next Post

Қазақстанда құрастырылған тікұшақтардың бірінші партиясы тапсырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі