13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Бруцеллез – аса қауіпті ауру!

11 марта, 2024
in Uncategorized
0
Бруцеллез – аса қауіпті ауру!
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2023 жылы   адамдар арасында бруцеллездің 95 жағдайы тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш – 4,6 құрады. 2022 жылмен салыстырғанда (105 жағдай, 100 м.х.ш.к. – 5,2) 10 жағдайға төмендегенімен,  республикалық орташа көрсеткіштен (3,5)   1,3 есе жоғары.

Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың зооноздық жұқпалы, адамдардың еңбек  қабілетін ұзақ уақытқа дейін жоғалтатын аса қауіпті ауру.

Бұл ауру адамға ауылшаруашылық малдарынан жұғады. Бруцеллезбен барлық ауылшаруашылық малдары, әсіресе, қой, ешкі, ірі қара және шошқалар ауырады.

Аурудың қоздырғышы – бруцелла деп аталатын микроорганизмдер тобы. Бруцеллалар сыртқы ортаға төзімді. Бруцеллалар әдеттегі температурада  шикі сүтте 10 күннен 18 күнге дейін, мұздатылған етте – 47 күннен аса, жүнде – 4 айға дейін, ағынды суда – 12 күнге дейін, топырақта және қида —  4 айға дейін сақталады. Залалсыздандыру заттарының және жоғары температураның әсерлерінен бруцеллез қоздырғыштары тез өледі.

Бруцеллездің жедел басталуының инкубациялық кезеңі шамамен 3 аптаға созылуы мүмкін, бірақ егер бруцеллез бастапқы жасырын түрде басталып, кейін ол клиникалық айқын түрге ауысса, кейбір жағдайларда ол бірнеше айға созылуы мүмкін.  Бруцеллездің ең ауыр ағымы ешкі-қой бруцелласын жұқтырғанда болады, ал басқа бруцеллалар жеңілірек ауруларды тудырады.

Бруцеллездің айқын түрлері ұзаққа созылған дене қызуымен, қалтыраумен, шамадан тыс терлеумен, буындардың, жүрек-қан тамырларының, демалу және ас қорыту жүйелерінің, зәр шығару органдарының, орталық жүйке жүйесінің, лимфа түйіндерінің, көк бауырдың жұмысын нашарлауымен, көз бен құлақтың көру және есту қабілеті төмендеуімен  сипатталады. Бруцеллез емделетін ауру. Дер кезіндегі диагностика мен емдеу жедел бруцеллездің созылмалы сатыға өтуін алдын алады. Әрбір адам бруцеллездің алғашқы белгілері байқалысымен дереу дәрігерге көрінуі керек.

  • Бруцеллез ауруының ең қатерлі, көп тарайтын мезгілі көктемгі мал төлдету мен қой қырқу кезеңі. Осы науқандар кезінде    малдарға күтім жасағанда,      төлдеу кезінде көмек көрсеткенде, түсікпен жанасқанда барлық сақтық шараларын сақтағаны жөн. Сондықтан, малдарды күтудің барлық жұмыстарын арнайы киім киіп жүргізу қажет. Бұл киімдермен тұрғын үйге кіруге  мүлдем болмайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу керек.
  • Аурудың жұғуының негізгі алдын алу шаралары:

ауру жануарды уақытында анықтау және оқшаулау    ;

жануарға күтім жасағанда арнайы киімді қолдану,  күтім жасау ережелерін , жеке тазалық ережесін сақтау;

әрбір мал шаруашылығы, жеке мал қожайындары міндетті түрде малдарын бруцеллезге тексерту, малдәрігерінің рұқсатынсыз етті, сүтті сатпау;

Малмен байланыста болатын   адамда  жүйелі  түрде жыл сайын 1 рет профилактикалық тексеруден өту;

Базардан жеке адамдардан мал сатып алғанда мал дәрігерінің рұқсат қағазын талап ету;

Бруцеллез қоздырғыштары ауру малдың етінен де, сүт өнімдерінен де жұғады. Сондықтан рұқсат құжаттары жоқ ет және сүт өнімдерін жабайы сауда орындарынан сатып алмай сүтті тек қайнатылғаннан кейін ғана пайдалану қажет, шикі немесе шала піскен етті жеудің қатерлі екенін естен шығармау керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды сақтай отырып, Сіз өзіңізді және жақындарыңызды бруцеллезді жұқтырудан қорғайтыныңызды есте сақтаңыз.

А.Т.Ертай

Түркістан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы

Previous Post

Шымкентте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің отырысы өтті

Next Post

ҚАЛА ӘКІМІ БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі