13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Неліктен Қазақстанда 255 мың теңгеден жоғары мобильді аударымдар тексерілетін болады – Қаржы министрлігі түсіндірді

6 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Неліктен Қазақстанда 255 мың теңгеден жоғары мобильді аударымдар тексерілетін болады – Қаржы министрлігі түсіндірді
Share on FacebookShare on Twitter

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бүгін мәжіліс алаңында 255 мың теңге және одан жоғары мобильді аударымдар неліктен бақылауға алынатынын түсіндірді.

Ержан Біржанов салық органдары қандай аударымдарды тексеретінін айтты.
«Біріншіден, төлем саны. Егер ол жеке кәсіпкер және аударым саны — 100 болса бірінші белгі. Екінші көрсеткіш — үш ай қатарынан, яғни қаңтар, ақпан, наурыз айларында 100 аударымнан көп түсетін болса. Ал үшінші белгі – үш айдағы бұл төлем сомасы 255 мың теңгеден асса, бақыланады», – деді вице-министр.
Ержан Біражанов неліктен дәл осы моаның тексерілетінін түсіндірді.
«Неге 255 мың теңге екенін түсіндірсем. Қзіргі таңда ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге. Үш айда 255 мың теңге. Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, жеке кәсіпкерлерді құру үшін ең төменгі жалақының 12 айлық кірісі қажет, бұл миллион теңгеден асады. Сондықтан егер үш айдың әр айында 85 мыңнан көп ақша түсіп, мен айтқан белгілер болса кәсіпкерлік мақсатқа арналған деп есептеледі», – деді вице-министр.

Вице-министр үш ай қатарынан әртүрлі тұлғалардан 100 аударым түссе мониторингке алынатынын атап өтті.
«Сонымен қатар қосымша критерийді қарастырамыз. Егер барлық аударымдар сомасы 255 мың теңгеден асса, біз салықтық бақылауға аламыз және ол түсініктеме беруі үшін хабарлама жібереміз. Біз қосымша салықтарды алмаймыз, айыппұл салмаймыз, ешқандай тексеру жұмыстарын жүргізбейміз, біз одан түсініктеме сұраймыз болды», – деді Ержан Біржанов.

Previous Post

Сірке суын шашып жіберген: Қазақстан тұрғыны мысыққа қатыгездік танытқаны үшін сотталды

Next Post

Шымкентте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің отырысы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі