13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Депутат қазақстандық көпбалалы аналардың тісін тегін емдеуді ұсынды

6 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Депутат қазақстандық көпбалалы аналардың тісін тегін емдеуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы аналарға тісін емдету үшін бір реттік төлем енгізуді ұсынды. Депутаттың пікірінше, мемлекеттің басты құндылығы – адамды дүниеге әкелетін әйелдерге мемлекет тарапынан қамқорлық жасап, олардың жан-дүниесін аялап, денсаулығына мән беру міндет.
«Елімізде бала туғаннан кейін берілетін жәрдемақы бар. Оның мөлшері 1-3 балаға – 140 мың теңге, төрт және одан көп балаға 232 мың теңге. Бірақ шынына келсек, бұл – әйелге өтемақы емес, баланың күтіміне берілетін сома. Ал Ресейде ана капиталының сомасы бірінші балаға 639 мың рубль немесе 3 млн 195 мың теңге, екінші балаға 883 мың рубль немесе 4,4 млн теңгеге тең. Біздің өтемақымен салыстыруға келе ме? Әрине жоқ. Қазақстанға да лайық, әділ ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті. Бұл кезек күттірмейтін мәселе», – дейді Сайыров премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында.
Сондай-ақ депутат көпбалалы аналарға тісін емдету үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетуді ұсынды.
«Ана бала көтергенде құрсақтағы баланың қалыптасуына кальцийді көп жұмсап, өзінің тісінен айырылатыны – медициналық факт. Көпбалалы атанған 543 мың әйелдің барлығының басында бар зор проблема – тістің түсуі. Қазақстанда стоматологияның бағасының күйіп тұрғанын бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан көпбалалы аналарға тісін жөндеу үшін бір реттік қаржылық төлем қалыптастыру қажет», – деп санайды мәжілісмен.
Сайыровтың айтуынша, бала тапқан әйелдердің денсаулығын қалыпқа келтіріп, ұстап отырудың мемлекеттік стандарттары қажет. Осы мәселе бойынша үкімет нақты қадамдар жасауы керек.

Previous Post

Қазақстандық көпбалалы аналар 8 наурызға орай қанша төлем алатыны белгілі болды

Next Post

Сірке суын шашып жіберген: Қазақстан тұрғыны мысыққа қатыгездік танытқаны үшін сотталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі