13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Осы көктемде Түркістан облысында екі мың төрт жүзге жуық азамат әскерге шақырылмақ

29 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Осы көктемде Түркістан облысында екі мың төрт жүзге жуық азамат әскерге шақырылмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев айтты.

– 1 наурыздан басталатын көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында, өңірімізден 1000 жігіт Қарулы күштер, 400-ге жуық азамат Шекара Қызметі, 900-дей азамат Ұлттық ұлан және 100-ге жуық жігіттеріміз Төтенше жағдайлар минисрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметі қатарына шақыру жоспарланған, — деді Жандос Тынымбекұлы.
Спикердің сөзінше, наурыз айының алғашқы күндерінен бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, психологиялық тесттерден және жеке әңгімелесуден өтеді.
Шақыру науқаны барысында бірінші кезекте Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері, содан кейін Қарулы Күштер, Төтенше жағдайлар министрлігі және Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жасақталады.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев атап өткендей, әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, ал шақыру комиссиясын Түркістан облысы әкімінің орынбасары басқарады.
Айтып кетсек, цифрландыру аясында әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату, алғашқы әскери есепке қою Мемлекеттік қызметтер болып табылатынын және азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы ұсынылатынын атап өту қажет.
Брифинг барысында подполковник Жандос Күлдербаев өткен жылдың қорытындысын шығарды, оған сүйенсек 2023 жылы еліміздің рухани астанасынан Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 4000-нан астам азамат жіберіліпті.
Сондай-ақ, облыста жұмыс істейтін әскери-патриоттық клубтардың қабырғасында арнайы орта білімі бар және оқудан және шынықтырудан өткен әскерге шақырылушылар санының артқаны атап өтілді.
Сондай-ақ, көктемгі шақыру жұмыстары басталмас бұрын қаңтар айынан бастап шақырылушылармен зерделеу жұмыстары жүргізілген. Осы ретте зерделенген әрбір шақырылушы өзінің денсаулығы, білімі, моральды-психологиялық жағдайына байланысты Қарулы Күштер және басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына тағайындалған.
Айта кетсек, жергілікті әскери басқару органдары тарапынан жастарды әскерге шақыру бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Түркістан облысының қалалары мен аудандарында осы тақырыпқа арналған билбордтар мен баннерлер жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) арқылы байланыс жасалынып, ілінді. Одан басқа БАҚ, интернет-ресурстарда әскер өміріне арналған мақалалар, роликтер жариялануда.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкентте білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Next Post

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Цифрлық даму министрлігі бірқатар нұсқаулық ұсынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі