Вакцина немесе екпе – ауру тудырушы микроағзаның шағын, әлсіз бөлігі. Оның құрамында антиген болады. Антиген адам ағзасына түскенде, қатерлі ауруға қарсы иммунитет түзеді. Сол иммунитеттің арқасында адам ағзасы күшейіп, аурумен күресудің жолын табады.
Адамға вакцина ретінде белгілі бір аурудың немесе микроорганизмнің ең әлсіз, адам ағзасына қабындыруға шамасы жетпейтін бөлігі ғана енгізіледі. Микроорганизмді антиген деп атауға болады, алайда адамның ағзасына енгізілетін микроағза антигеннің өзі емес, антигенді түзуге көмектесетін бағдарлама. Одан адамның иммун жүйесі зардап шекпейді. Тіпті білмей қалады десек болады. Кейбір аурудың вакцинасы бір айда не бірнеше аптада екі-үш реттен салынады. Сонда ағза аурудың белгілерін «есте сақтап», індет туғызушы микроағзалармен күресуді үйренеді.Ал адам ағзасында аурумен күресетін микроағзаны – антиденешік дейді. Антиденешік – иммун жүйесінің маңызды бөлшегі. Аурумен күресетін жауынгер десек болады. Ал вакцинаның міндеті – адам ағзасына антиген жіберу арқылы антиденешік түзу.
Адам ағзасының қасиеті !
Адам ағзасының өз-өзін емдей алатын қасиеті бар. Бірақ күш-қуаты жетпегенде, ауру күшейеді. Адам ағзасына түскен кез келген ауруды «патоген» деп атауға болады. Патоген – ішкі ағзаны зақымдап, ауру қоздыратын бактерия не вирус, паразит не саңырауқұлақ. Өзіне түскен патогенді жеңу үшін ағза антиденешік түзе бастайды. Егер ағзаға патоген бірінші рет түскен болса, онда ағза анти денешік түзуге ұзақ уақыт жұмсайды. Ауру сондықтан асқынып кетуі мүмкін. Ал вакцина адам ағзасының қатерлі ауруларға күні бұрын дайындайды. Бірақ антиденешік, әдетте, бірақ ауруды ғана жеңуге жарамды. Бірақ екі ауру не патоген бір-біріне ұқсас болса, онда онымен күресе алады. Егер аталмыш патоген ағзаға біремес, бірнеше рет түсіп, ауру шақырса, онда соғұрлым ағзаның да антиденешігі тез әрекетке көшіп, ауруды бөгеп отырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, адамзат осы күнге дейін менингит, дифтерия, сіреспе, қызылша, полиомиелит сынды аурулардың емін екпемен тапқан. Адамзат азат етілген аурулардың бірі – полиомиелит. 1900 жылдардың басында полиомиелиттен жыл сайын 100 мыңдаған адамқайтыс болған екен. 1950 жылы ауруды қайтаратын екі түрлі вакцина ойлап табылды.Содан дүние жүзі халқы жаппай егіле бастады. 1980 жылы бүкіл әлемдік екпе науқаны басталып, Африкадағы халықтарға баса назар аударылды. Миллиондаған адамға екпе салынды. Африка елі бұл аурудан толық арылды, азат етілді.
Екпе пайдалы. Індет боп тараған ауруды жеңудің екі-ақ жолы бар: бірі – ұжымдық иммунитет қалыптастыру, екіншісі – вакцина салдыру.Екпе – бұл иммун қорғанысын қадағалау арқылы қалыптастырудың ең тиімді жолы. Қазіргі таңда вакцина саласы заманауи инновацияларға қол жеткізілген. Технологиялары әртүрлі. Қатерлі аурудың екпесі салынбаған қаншама баланың қиналып жатқаны аянышты. Сондықтан бірауыздан екпе қажет екенін барша ата-ана ұғынса екен. Қай вакцинаны алсаңыз да, емі бар. Зиян вакцина жоқ.
Н.Нышанов ТО СЭБД басшысы