13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт

20 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Құтырма ауруы – аса қауіпті дерт
Share on FacebookShare on Twitter

Құтырма — вирус арқылы таралатын, тез өрбитін қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру, адам баласына өте ерте заманнан таныс болғанымен, әлі күнге дейін ауруды тудыратын қоздырғышқа тікелей әсер ететін емі жоқ. Дүние жүзінде жыл сайын құтырма ауруынан 40-тан 70 мыңға жуық адам қайтыс болады. Бұл ауруды жұқтыру қаупі, әлі де азаймаған, өйткені вирустың резервуары ондаған түрлі жануарлар.

Құтырма — табиғи ошақты аса қауіпті, өлімге әкелетін ауру. Құтырма —  бұл емделмейтін ауру, өлім тыныс алудың салдануынан және жүрек қызметінің төмендеуінен болады. Адам толық санада және қорқынышты азапта өледі. Үй жануарлары ауру жабайы жануарлармен байланыста болғаннан кейін құтырманы жұқтырады. Адамдардың құтырмамен ауруы негізінен ауру жануарлардың тістеуінен және сілекейімен пайда болады. Құтырма қоздырғышының резервуары мен негізгі көздері — жабайы жыртқыштар мен үй жануарлары. Үй жануарлары инфекцияны ауырған жабайы аңдармен жанасу кезінде жұқтырады. Қанғыбас иттер мен түлкілер адам үшін ең қауіпті болып табылады. Құтырумен ауыратын жануар сау адамды тістеп алғанда немесе осы жануардың сілекейі адамның зақымдалған терісіне түскен кезде вирус ағзаға жұғады. Вирус ағзаға енгеннен кейін жүйке жолдары арқылы таралып барлық жүйке жасушаларында ісіну, қан кету, деградациялық және некротикалық өзгерістер болады. Мойынды, қолды және бетті жануар тістеп алған кезде ауру өте қауіпті.Құтырма ауруының емі жоқ! Алайда алдын алуға болады. Кез келген жануарлардан жарақат алған адамдардың барлығы құтыруға қарсы антирабикалық вакцина және антирабикалық иммуноглобуллин екпе курсын алуы қажет. Ол үшін тез арада тұрғылықты жері бойынша медициналық көмекке қаралған жөн. Тістеген жарақатты таза сумен және сабынмен жуу керек, жарақат маңын йод тұндырмасымен залалсыздандырып, дәрігерлік көмекке қаралғанға дейін алғашқы көмек дер кезінде көрсетілуі керек. Әрбір адамды өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі – құтыруға қарсы екпелерің толық алу қажет. Құтыруға қарсы екпе тегін егіледі! Ит мысық асырау үшін мал дәрігеріне көрсетіп, құтыру ауруына қарсы вакцина ектіру керек.

 Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Адамдарға «Құтыру» ауруына қарсы екпелер тегін жасалады!

А.Тилес

Түркістан облысы Санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің   аса қауіпті  инфекцияларды және

туберкулезді эпидемиологиялық  қадағалау бөлімінің

бас   маманы                                                                        

Previous Post

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЫНТЫМАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Next Post

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – ЖАРҚЫН ЖОЛДЫ ТАҢДАУ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі