13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТАССАЙДА ӨТТІ

19 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ТАССАЙДА ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы мобильді қоғамдық қабылдауы Тассай шағынауданынан бастады. Бұл бастама партия және тұрғындар арасында кері байланысты күшейту мақсатында жүзеге асырылуда. Мобильді қабылдау бөлмелерінің жұмысына «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Қожахметова Әсел, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқауршы хатшысы Бектаева Жанар, фракция жетекшісі Имашев Қайрат, қалалық мәслихат депутаты Наимбекова Айжан, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Иманқұлов Әбдез, Қаратау аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.

⁠- Қала тұрғындарының арасында партияның қалалық немесе аудандық филиалына әрдайым келе бермейтіндері бар. Біз тұрғындардың түйінді мәселелерді алға тартып келуін күтіп отырмай, оларға өзіміз барамыз. Бұл бір реттік акция емес, тұрақты түрде өтетін шара. Шалғай елдімекендерде өзіміз азаматтармен жүздесіп, партия жұмысы жайлы ақпарат беріп, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оны шешуге ықпал ететін боламыз, — деді Жанар Әлібекқызы.

Мобильді қоғамдық қабылдауға жазылған тассайлық тұрғындар инфрақұрылымға қатысты оның ішінде көшелерді асфальттау мәселесі мен жарықтандыруды айтты. Аудандық әкімдік маманы әрбір өтініш бойынша жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдері белгіленетінін жеткізді.

«Партиялықтар халықпен тікелей диалог орнатуға, олардың талап-тілектері мен сұраныстарын тыңдауға келді, бұл өте дұрыс. Мұндай кездесулерді мүмкіндігінше жиі ұйымдастырған жөн», деген ауыл биі Мәдібеков Талдыбек ақсақал алғыс білдіріп, бата берді.

Previous Post

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА 300-ДЕН АСА АЗАМАТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Next Post

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЫНТЫМАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі