13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

15 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды. Бұл туралы 13kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұқтархан Ділдәбеков – 1976 жылы Түркістан облысына қарасты Абай ауылында дүниеге келген. 1997 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері” атағын иеленді. Ал 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медаль иегері атанды. Сол жылы “Парасат” орденімен марапатталған еді. Танымал боксшы Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президент қызметін атқарады. Айта кетейік, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды. Жаңадан сайланған президент Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлерімен кездескен еді.

Previous Post

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Next Post

Қолдарын байлап, пышақпен қорқытқан: Алматы облысында белгісіз ер адам төрт баланы азаптаған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі