13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алматыдағы жоғарғы оқу орны «пәк» қыздардың тізімін жариялап жіберген: Министр кінәлілер жазаланатынын айтты

14 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Алматыдағы жоғарғы оқу орны «пәк» қыздардың тізімін жариялап жіберген: Министр кінәлілер жазаланатынын айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке деректерді, оның ішінде медициналық сипаттағы деректі тарату заң бұзушылық екенін атап өтті.

“Бұл мәселе бақылауға алынды, себебі бұзушылық айқын көрініп тұр. Айыптылар заңнамаға сәйкес жазаланады. Дербес деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық болатын шығар”, – деді Нұрбек.
“Бұл ақпарат не үшін қажет болды?” деген сұраққа министр “жеке деректерге салғырт қарау салдарынан болған шығар” деп жауап берді.
“Бұл мәселені заң жүзінде қатаң реттеу керек. Жалпы бұл – мәдениет мәселесі. Біз қаншама жеке куәлікті таратып жүрміз. Жоғарғы оқу орнында осындай жағдай болғаны, әрине, көңіл көншітпейді. Жеке дерек өте құпия ақпарат екені туралы заң жүзінде қатаң бақылау болмаса, мәдениет өзгермейді”, – деп түсіндірді министр.
Бұған дейін WhatsApp мессенджеріндегі 190 адам бар топқа жоғарғы оқу орнында оқитын студент қыздардың тізімі көрсетілген төрт құжат жіберілгені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді. Онда флюорографиядан өтуі керек студенттер белгіленген. Кестеде қыздардың ЖСН, телефоны және гинекологиялық сипаттағы деректері көрсетілген.
Сонымен қатар кім «пәк» екені туралы да ақпарат жүр. Құжаттар түрлі топтарға, факультетке тарап кеткені белгілі.
Былтыр қыркүйек айында министр Саясат Нұрбек ҰБТ тапсыруға арналған уақыт жарты сағат қысқаратынын айтқан еді. Алайда министрлік ұлттық бірыңғай тестілеуге ешқандай өзгеріс енгізілмейтінін мәлімдеді.

Previous Post

"Бұл күнді ұмыту керек": Мәжіліс депутаты "валентинкаларды" өртеп жіберуді ұсынып жүргеніне 20 жыл болғанын айтты

Next Post

Блогерлер шенеуніктерге интимдік қызмет көрсетіп келген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі