13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Азиададағы сапасыз киімдердің шуынан кейін спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары қамауға алынды

10 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Азиададағы сапасыз киімдердің шуынан кейін спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары қамауға алынды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Туризм және спорт министрлігі жанындағы спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары ұрлық жасады деп күдікке ілінді.

Қаржы мониторингі агенттігі туризм және спорт министрлігі жанындағы спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2022 жылы Азия ойындарына қатысқан Қазақстан құрамасы спортшыларына өте нашар сападағы қытайлық кроссовкалар мен рюкзактар сатып алынған. Спортшылар киім сапасына шағымданып, бір реттен артық киюге келмейтінін айтқан. Алайда олардың құны үш есе көп боп шықты. Сонымен қатар жеткізуші аталған тауарлардың отандық екені туралы жалған құжаттарды ұсынған.Нәтижесінде мемлекетке 383 миллион теңге шығын келді.
Дирекция басшысының орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.
Еске салсақ, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігі Азия ойындарына қатысатын спортшылардың киімі үшін бюджеттен 110 208 000 теңге жұмсағаны белгілі болды. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері жабдықтың сапасына шағымданып, бір-екі кигеннен жыртылып қалғанын айтты. Азиададағы спортшылардың сапасыз киіміне қатысты шудан соң министрлікте тергеу басталған еді.

Previous Post

Қарлы боранда омбы қар кешкен фельдшерлердің еңбегі еленді

Next Post

Тоқаев президенттің күзет қызметі бастығын тағайындады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі