13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер»: Төреғали Төреәліге сенген жұрт үйсіз қалды

9 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«Жарнама құны – 2 бөлмелі пәтер»: Төреғали Төреәліге сенген жұрт үйсіз қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал тұлғалардың жарнамасына сеніп, DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінен үй алмақ болған бір топ тұрғын алданып қалды. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарап, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, әнші Төреғали Төреәлі құрылыс компаниясын жарнамалаған.
“Қаншама құрылыс компаниясынан аттап, есімі белгілі азаматтарға сеніп ақша салып едім. Бір бөлмелі пәтерімді сатып, 10 миллионға жуық ақша құйдым. Екі бөлмелі үй алғым келді. Соңы мынадай жағдайға әкеліп соқты. Үй салынып бітпей тұрса, күте тұрушы едік, тіпті іргетасы да қаланбағанын білдік. 2023 жылдың соңында беріледі деп еді”, – дейді зардап шегуші тұрғын.
Жарнама жасаушылардың бірі – Төреғали Төреәлі. Жеке парақшасында аталған құрылыс компаниясының кеңсесіне барып, пәтер алмақ болған сәтін оқырмандарына көрсеткен. Алайда Төреғалидің менеджері “біз де алданып қалдық” деп қысқа қайырды.
“Біз ол жерден барып үй алмақ болғанбыз. Бірақ оларға жарнама істеп, үй аламыз десеңіздер міне деген ештеңе жоқ. Егер біз жарнамалады деген келісімшарт болса, соны көрсетсін. Біз үйді алмақ болып сол жерге бардық, соны видеоға түсірдік. Біз де зардап шегушіміз», – дейді Төреғали Төреәлінің менеджері.
Ал Maх Bet компаниясының директоры Берік Нұрмағанбетовтың адвокаты Төреғали Төреәлінің жарнамасының құны 2 бөлмелі пәтермен пара-пар екенін айтты.
“Төреғали Төрәліге DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешеніне жарнама жасағаны үшін 2 бөлмелі пәтер келісілген дейді. Жауабында солай көрсетілген. Ал Дәулет Мұқаев 20 миллион ақшаға келіскен», – дейді адвокат Шынқуат Байжанов.
Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, егер танымал тұлғалар ақы алса, олардың бұл әрекеті жарнама болып есептеледі.
«Егер Дәулет пен Төреғали ақы алса, бұл жарнама болып есептеледі. Сондықтан оларды жауапкершілікке тарту керек. Олардың үстінен арыз жаза беріңіздер. Өйткені сіздер оларға сендіңіздер. Депутат болсын, басқа болсын қылмыстық жауапкершілікке бәрі бірдей жауапты», – дейді заңгер.

Previous Post

Астана мен Павлодар облысында оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Next Post

Шымкенттік кәсіпкерлерге бизнесті қолдау тетіктері түсіндірілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі