«Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымына тағайындалды», – делінген жарлықта.
Ал Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды.
Өз еңбек жолын Азамат Есқараев 1996 жылы коммерциялық саудада және Алматыдағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастаған.
2000–2002 жылдары ол Әділет министрлігінің заңнама департаментінде бас маман болды. 2002 жылдан 2003 жылға дейін Есқараев сол департаментте бөлім, кейін басқарма басшысы болды.
2003–2005 жылдары аралығында Есқараев Заңға тәуелді актілер департаментіндегі бөлімді басқарып кетсе, одан кейін, 2006 жылға дейін Алматы қалалық әкімдігінің бас инспекторы болды.
Астанаға көшкесін 2006–2007 жылдары ол елордадағы «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері және 2007 жылы Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы қызметтерінде болды.
2007 жылғы шілдеден 2008 жылға дейін ол әділет министрі Зағипа Балиеваның көмекшісі болса, одан кейін, 2009 жылға дейін министрліктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры болды. Оған қоса Есқараев 2012–2014 жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (ЭҚСЖҚКА) инспекциясының ұйымдастыру-бақылау департаментінің бастығы болған.
2014 және 2019 жылдары аралығында ол премьер-министр кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Одан кейін, 2023 жылғы қаңтарға дейін Азамат Есқараев Қазақстан премьер-министрі кеңсесі заң бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.
2023 жылғы 4 қаңтарда Азамат Есқараев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша әділет министрі лауазымына тағайындалды. Сол жылғы 4 сәуірде ол сол лауазымына қайта тағайындалды.
1992 жылдан бір жыл бойы, 1993 жылға дейін Сарыағаш аудандық әкімдігінде аға экономист болған. Бұдан кейін, 1994 жылға дейін, Дүйсенова Перизат-холдинг компаниясы бір бөлімінің жетекшісі еді.
1994-1997 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерінде болған. Бұдан кейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметін Дүйсенова 1999 жылы аяқтады.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Бұл жұмысы аяқталғасын, 2006 жылға дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2006 жылы ОҚО әкімінің орынбасары болып қайта тағайындалған Дүйсенова сол қызметте екі жыл бойы болды.
2008 жылдары Дүйсенова ЕХӘҚ министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың ақпанында ол сол қызметін аяқтап, ол алты-ақ ай бойы сол министрліктің вице-министрі болды.
2013 жылдың 27 маусымында президент Назарбаев жарлығымен ЕХӘҚ министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызында жаңа құрылған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі лауазымына тағайындалған себебімен ЕХӘҚ министрлігі тоқтатылды. 2017 жылдың қаңтарында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылды, министрлік ыдыратылды, Дүйсенова министрліктің тарихындағы жалғыз министрі болып қалды.
2017 жылдың 25 қаңтарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта құрылды. Тамара Дүйсенова осы министрліктің төрайымы ретінде қайта тағайындалды. Ол өзінің министрлігін 2018 жылдың 9 ақпанына дейін жалғастырды. Оның ізбасары болып Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова тағайындалды.
Тамара Дүйсенова — 2019 жылдың наурызынан Аманат партиясы саяси кеңесінің мүшесі және 2020 жылдың желтоқсанынан бері партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер.
2022 жылдың 11 сәуірінде Тамара Босымбекқызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындалды. Министр қызметін атқарып жатқан кезінде, 2023 жылдың 8 маусымында премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасары болып тағайындалып, Алтай Көлгіновтің ізбасары болды. ЕХӘҚ министрі ретіндегі қызметін Дүйсенова 2023 жылдың 2 қыркүйегінде аяқтады, бірақ премьер орынбасары болуын жалғастыра берді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы лаузымына Айбек Дәдебаев және премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы болып Ғалымжан Қойшыбаев тағайындалғанын жаздық.