13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кәсіпкерлер палатасы инвесторға көмек көрсетті

5 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Кәсіпкерлер палатасы инвесторға көмек көрсетті
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері қаладағы ірі кәсіпкердің мәселесін оң шешуге үлес қосты. Палатаға «Gold Aluminum» ЖШС басшылығы өтініш жасаған. Инвестордың мәліметінше, 2023 жылдың күзінде компанияның Шымкент қаласы, Абай ауданы Ынтымақ-2 шағынауданында орналасқан зауыттың қақпасына қарсы беттен жолаушылар аялдамасы орнатылған.

Кәсіпкер бұл аялдама зауытқа жүк көліктерінің кіріп-шығуына кедергі келтіреді деп отыр. Себебі, оны орнатар кезде жауапты мемлекеттік орган өкілдері жүк көліктерінің қозғалысын есепке алмаған дейді. Оған қоса жолаушылар көліктеріне де ыңғайсыздық туындайды.

Зауыт басшылығы осы проблеманы өз бетімен шешпек болып Абай аудандық әкімдігіне хат жазған. Әкімдік хатты қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына жолдайды. Ал басқарма мамандары аялдаманы басқа жерге орнатуға негіз жоқ екенін хабарлаған.

Соңында инвестор Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап келеді. Палатаның қызметкерлері осы проблемамен түбегейлі айналысады.

«Палата атынан Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына, полиция департаментіне хат жазып, көрсетілген мекенжайға баруды, аялдаманың орнын ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды сұрадық. Оған қосымша Шымкент қалалық прокуратурасына осы мәселенің шешілу барысын бақылауға алуды сұранған хат жолданды. Себебі, инвесторларға, жалпы кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауды Мемлекет басшысының өзі тапсырған. Осыған орай жасанды кедергілер болмауы тиіс», – дейді Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің І санатты сарапшысы Әзілхан Жарымбетов.

Нәтижесінде Шымкент қалалық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, жолға зерделеу жұмыстарын жүргізді, қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына аялдаманың орнын ауыстыру туралы нұсқау жіберілді. Соған қоса Абай аудандық прокуратурасы қалалық әкімдікке олқылықты жою жөнінде ұсыныс жасалып, аялдаманы тез арада басқа орынға ауыстыру көрсетіледі.

Осы нұсқауларды жүзеге асыру нәтижесінде аялдама басқа жерге ауыстырылды. Осылайша мәселесі шешілген инвестор Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына және прокуратура қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін алғыс айтып отыр.

Айта кетейік, алюминий профильдер шығаратын «Gold Aluminum» ЖШС 2014 жылы ашылған. Индустриаландыру картасы аясында жүзеге асырылған зауытты 186 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауытта жылына 6 мыңға жуық алюминий профиль шығарылып, соның тең жартысы Ресей, Қырғызстан, Тәжікстанға экспортталады. Жалпы инвестиция көлемі 3 млрд 342 млн теңгеге жуық.

Previous Post

Балаларды сабап, қылқындырған: 30 жастағы күдікті ұсталды

Next Post

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы еліміздің оңтүстігінде жұмысын аяқтады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі