13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды

1 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда бірінші сыныпқа беру үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды.

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізген.
“Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді”, – делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға қатысты шектеу алынды. Осылайша жаңа ережеге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде де мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Осылайша енді колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады.

Previous Post

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ұсталды

Next Post

Қорғаныс министрлігі Шымкентте патриоттық акция өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі