13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жыл басынан бері көпбалалы аналар 214,2 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды

10 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 214,2 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алды
Share on FacebookShare on Twitter

2020 жылғы қаңтар-қараша аралығында жалпы сомасы 214,2 млрд теңгеге 389,2 мың отбасы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақымен қамтылды. Қараша айында осы жәрдемақы түрін жалпы сомасы 22,5 млрд теңгеге 413,4 мың отбасы алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері балалардың санына байланысты 44 532 теңгеден (4 бала) 77 951 теңгеге (7 бала) дейін, 8 және одан кейінгі әр балаға 4 АЕК-тен сараланған.

8 баласы бар отбасы үшін жәрдемақы 88 896 теңгені құрайды, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 – 111 120 теңге, 11 — 122 232 теңге, 12 – 133 344 теңге, 13 – 144 456 теңге, 14 – 155 568 теңге, 15 — 166 680 теңге, 16 – 177 792 теңге төленеді.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде қарастырылған табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілді.

2020 жылғы 13 мамырда Мемлекет басшысы 8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін жекелеген мөлшерлерді белгілеу арқылы осы жәрдемақыны кеңейтуді қамтамасыз ететін заңға қол қойды. Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, осыған байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері оны тағайындаған сәттен бастап қайта есептелді. Мәселен, ағымдағы жылдың шілде айында аталған отбасылар жаңа мөлшерде жәрдемақы, сондай-ақ қаңтар-маусым айларында қалыптасқан айырманы алды.

 

Tags: 13kz13kz.kz
Previous Post

Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерінің импортына тыйым салынбақшы

Next Post

Қазақстанда Өсімдіктер әлемі туралы Заң жобасы әзірленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі