13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда шошқаға жылқыдан қарағанда 40 есе көп ақша бөлінеді – Депутат

31 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда шошқаға жылқыдан қарағанда 40 есе көп ақша бөлінеді – Депутат
Share on FacebookShare on Twitter

2023 жылы жылқыны субсидиялауға бюджеттен бар болғаны 52,9 миллион теңге бөлінген, бұл шошқадан 40 есеге аз. Осылай деп мәлімдеген мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жылқыға субсидия беріліп, етін мемлекеттік сатып алу тізіміне енгізу қажет екенін айтты.

Қазақстанда шошқаға жылқыдан қарағанда 40 есе көп ақша бөлінеді – Депутат

«Ақ жол» фракциясы атынан үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сауал жолдаған депутат қыс мезгіліндегі жылқының қиын жағдайын айтты.
«Жылқы малы қыстан аман шыға ма? Биылғы қалың қар, қатты қыс мал шаруашылығына оңай тиіп жатқан жоқ. Бұл әсіресе, қазақ «ер қанаты» деп бағалаған жылқы малына аса ауыр тиіп жатыр, – дейді Қазыбек Иса.
Депутат сөзінше, еліміздің солтүстік өңірлерінде жем-шөп таусылып, далада қардың беті жаппай мұз құрсанып, жылқылар тебіндей алмай, толықтай қолға қараған, өлім-жітім көп деген ақпараттар келіп жатыр. Айтуынша, шаруаларға онсыз да жем-шөбі жоқ, жөнді субсидия берілмейтін жылқы малынан айырылып қалу қаупі туындап отыр. Өйткені, жем-шөбі таусылған фермерлер де, қорадағы малына қараған ауыл адамдары да жылқыны арзан бағада болса да, соғым орнына жаппай сатып жатыр.
«Ақмола облысының бірнеше ауданында жылқы басының азайып бара жатқанын айтып, дабыл қаққандар көп. Зеренді ауданындағы Ақадыр, Васильков, Заречный, Шағалалы сияқты ондаған ауылда жұрт жем-шөп таппай, қиналып отыр. Ақкөл ауданының малшыларының жағдайы да мәз емес. Шөптің бағасы тым шарықтап кетіп, бір орамы 20 мың теңгеге дейін жетті дейді. Бұған басты себеп – жайылым және шабындық жерлердің тапшылығы. Тіпті, жайылым жерінен мүлдем айырылып қалған көптеген ауылдарда (Зеренді ауданындағы Ақадыр, Айғыржал, Ортақ, Қошқарбай, Раздольный, Күсеп, Первомайский) жылқылар қолға қарап тұр. Егінді елдің іргесіне дейін егіп тастаған. Жанармай құны 300 теңгеден асып, аспандап кеткен”, – деп мәлімдеді ол депутаттық сауалында.
Қазыбек Иса көптеген ауыл тұрғындары көтерем болып жатқан көп жылқысы көктемге жетпей қалуы мүмкін деп дабыл қағып жатқанын жеткізді.Осы орайда депутат мәселеге қатысты бірнеше ұсынысын айтты.
Үкімет пен құзырлы министрлік, ведомстволар, әкімдіктер қазаққа қадірі артық жылқы малын аман алып қалуы үшін арнайы «Жол картасын» жасауы қажет.
Бүгінгі ең үлкен мәселенің бірі шаруалар бейнеттеніп өсірген жылқысын лайық бағасына сата алмауы. Сондықтан жылқы етін мемлекеттік сатып алу тізіміне міндетті түрде енгізу қажет. Тағамын таңдап ішер хан-сұлтандар мен батырлардың сүйікті асы болған, жеңіл қорытылуы мен денсаулыққа пайдасы ғылыми дәлелденген текті жануар жылқы еті тауық пен шошқа етінен кем болғаны ма?!
Үкімет жылқыға субсидия беру мәселесін қайта қарауға тиіс.
Жайылым мәселесі үшін мемлекеттік комиссия құрылып, жердің қаншалықты, қалай жаратылып жатқанын түпкілікті тексеріп, нақты шешу керек!
Сөз соңында Қазыбек Иса мал шаруашылығында құс тұқымдарына да, тіпті шошқаға да субсидия бар, ал төрт түліктің төресі жылқыға мардымды субсидия жоқ екенін айтты.
“Республикалық бюджеттен 2023 жылы жылқыға бар болғаны 52,9 миллион теңге бөлінсе, шошқаға 2,1 миллиард теңге бөлінген. Шошқаға бөлінген қаржы жылқыдан 40 еседей көп… Еліміздің басым бөлігі жемейтін шошқа етіне деген соншалықты ерекше қамқорлықтың сыры неде?” – деді ол мәжілістің жалпы отырысында.
Депутат 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, енді мал шаруашылығын субсидиялау төтенше жағдай жарияланған немесе гидрометеорологиялық қызмет растаған өңірде ғана және мал азығын дайындауға теріс әсер еткен ауа райының қалыптан тыс жағдайлары болған кезде ғана берілетінін айтты.
“Сонда қалай, шаруалар субсидия алу үшін ауа-райы қашан бұзылады деп аспанға қарап отыруы қажет пе, премьер Смайылов мырза? Бұл шарттар сыбайлас жемқорлық қаупін болдырмау және шаруаларды өзінің мал азығын дайындауға ынталандыру мақсатында енгізілген екен. Бұлай жемқорлықты желеу етіп, үкіметтің субсидияны тоқтатып қоюның кесірі өте ауыр болатынын ескертеміз. Бұл «Мәсісін жамау үшін кебісін кесіп алыпты» дегендей, кері кеткен мәселе болғалы тұр. Жемқорлықты жою керек, әрине. Ол құзыретті органдардың ісі”, – деп сөзін қортындылады ол.

Previous Post

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

Осыған дейін ақталып шыққан шымкенттік шенеунік сотталды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі