13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жазықсыз қамалып 32 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты

29 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Жазықсыз қамалып 32 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үш адамды өлтірді деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталушының адвокаты ауысып, іс қайта қаралды. Римнің апелляциялық соты нақақтан жазаланып, өмірінің 32 жылын түрмеде өткізген адамды толықтай ақтап шықты.
Беньямино Зункедду 1991 жылы қаңтарда Сардиниядағы Синнай қаласында үш адамды өлтірді деп айыпталғанда небәрі 26 жаста еді.
Ер адамды оқыс оқиғадан кейін бір ай өткен соң қамауға алған. Өйткені шабуылдан аман қалған куәгерлердің бірі оны қылмыскер деп таныпты. Сот айғақтарға сүйене отырып 1992 жылдың маусымында Зункеддудың “қылмысқа еш қатысым жоқ” деген мәлімдемесіне қарамастан оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.
2017 жылы сотталушының адвокаты ауысып, ол қылмыстық істе бірқатар дүниенің сәйкес келмейтінін анықтайды. Кейін басты куәгердің өзі қылмыскердің түр-әлпетін көрмегенін мойындап, түсініктемесінен бас тартады. Оның сөзіне сенсек, полиция қызметкерлерінің бірі оған қылмыскер дәл осы Зункедду деп айтқан.
2023 жылдың қарашасында Беньямино Зункедду босатылды, ал 27 қаңтарда апелляциялық сот оның кінәсіз екенін растады. Ал Сардиниядағы үш адамды өлітірген шынайы қылмыскердің кім екенін құқық қорғау органдары сол күйі тапқан жоқ.

Previous Post

Шымкенттің Бас жоспары кәсіпкерлермен бірге талқыланды

Next Post

Алаяқтар алдаудың жаңа жолын тапты: Министрлік ескерту жасады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі