13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл 11 айда жеңіл өнеркәсіп өсімі 15,5% құрады

10 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Биыл 11 айда жеңіл өнеркәсіп өсімі 15,5% құрады
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің ағымдағы жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарау барысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндама жасады.

2020 жылдың 11 айының қорытындысында өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды. Саланың барлық секторларында өсім бар.

Машина жасау саласында 116,4% деңгейінде тұрақты өсім сақталды. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер, өзге көлік құралдарын, электр жабдықтарын жасау, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті. Түсті металлургияда да оң динамика байқалады. Өсім — 102,2%.

«Тазартылған алтын, құйма алтын өндіру, түйіршіктердегі күміс, Доре қорытпасы, бастапқы алюминий және басқа да көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді. Қара металлургияда өсім 100,4% болды.  Арматура прокаты, ферро-силико-марганец, арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі өсті. Фармацевтика өнеркәсібі ішкі нарықтың ең қажетті өнімдерге сұранысын толық өтеп, өндіріс көлемін 139,5% жеткізді», —  деді Б. Атамқұлов.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 15,5% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің, киімнің және былғары өнімдердің ұлғаюына байланысты болды. Қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 14,6% құрады. Ағаш және тығын бұйымдары өндірісі көлемінің өсімі 47,3% құрады.

«Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 82,9% құрады. Дәстүрлі сегменттердегі тасымалдардың төмендеуіне қарамастан, контейнерлік жүктерді транзиттік тасымалдауда оң нәтижеге қол жеткіздік. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 799,7 мың жиырма фунттық балама тасымалданды. Өсім 136% құрады», —  деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,6 млрд тоннаны немесе былтырмен салыстырғанда 93,2% құрады. Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 112,1% болды. 15 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биылғы 11 ай қорытындысында 12,1 млн ш.м. баспана пайдалануға берілді, бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,3% құрайды.

Республика бойынша барлығы 106 мың 86 баспана пайдалануға берілді. 15 өңірде бұл көрсеткіш артты.

Министрлік 2020 жылға қойылған міндеттерді іске асыру үшін салалардың барынша кең шеңберінде рецессия таралуын тежеу және неғұрлым зардап шеккен салалардағы жағдайды тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Жыл қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы басталды

Next Post

Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі