13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Облыстық мәслихатта мақта және егін шаруашылығындағы қордаланған өзекті мәселелер талқыланды

26 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Облыстық мәслихатта мақта және егін шаруашылығындағы қордаланған өзекті мәселелер талқыланды
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен мақта шаруашылығы мен көктемгі егіс жұмыстарының ұйымдастырылу барысын пысықтау мақсатында арнайы жиын өткізілді.

Басты мақсат – мақта және егін шаруашылығы бойынша өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және диқандар мен шаруаларға мемлекеттен тиісті көмектерді кедергісіз алуларына атсалысу.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы, облыстық мәслихат депутаттары, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының әкімдері мен мәслихат төрағалары және осы аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері мен  «Казсушар» РМК  филиалдарының басшылары, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының және «Ырыс» микроқаржы ұйымының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, мақта және егін шаруашылығындағы қордаланған өзекті мәселелерді талқылау, ағын су мәселесі мен микроқаржының берілуі туралы мәселелер талқыланды.

Аталған мәселелер бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Н.Бадырақов, «Казсушар»  республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалының директоры Қ.Бедебаев, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Б.Әбілдабек, «Ырыс» Микроқаржы ұйымының» басқарма төрағасы М.Мыңбаев баяндама жасады.

Баяндамашылар көктемгі егіс жұмыстары, ағын су және мақта шараушылығына қатысты шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен оны алу тетіктеріне тоқталып, түсіндіріп өтті.

Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов аудан әкімдері мен мәслихат төрағаларына баяндамашылар атап өткен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар  мен жеңілдіктер туралы шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, депутаттардың ауыл округтері мен елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруалардың тиісті қолдауларды өз деңгейінде алуларына көмек көрсетуді ұсынды.

Өйткені, былтыр шаруалар мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді білмегендіктен, түрлі топтардың артынан еріп, наразылықтарын көрсеткен болатын.

Жалпы, жиында қаралған барлық мәселелер назарға алынып, тұрақты бақылауда болады.

 Түркістан облыстық мәслихаты

Previous Post

Қызылордада мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткен

Next Post

Халықаралық сот Израильдің Газадағы әрекетін "геноцид" деп жариялады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі