13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақтөбеде бүгін 50 мыңға жуық оқушы сабаққа бармаған

26 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Ақтөбеде бүгін 50 мыңға жуық оқушы сабаққа бармаған
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтөбе мектептерінің бірінші ауысымында оқитын 60 мыңға жуық оқушының 80 пайыздан астамы бүгін сабаққа келмей қалды. Оған себеп желіде тараған үрейлі хабарлама

Қаладағы 119 мектепің бірінші ауысымында оқитын 8558 оқушы ғана мектепке барған. Осыған дейін қылмыс жасалады деп болжанған күнге қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтыны айтылды. Десе де тұрғындар арасындағы қауіп сейілмегендіктен оқушылардың дені сабаққа келмей қалды. № 64 мектептің директоры жағдайға қатысты пікір білдірді. «Мектебімізге бүгін 260 баладан 80 бала келіп отыр. Кешегі жағдайдан кейін ата-аналар қорыққан шығар. Негізі біз түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ата-аналарға облыс әкімі, полиция бастығы мен білім басқармасы басшысының видеохабарламаларын жібердік. Сонымен бірге облыстық полиция басқармасының хабарлама таратқан адамның анықталғаны туралы ақпаратын да бердік. Екінші ауысым оқушыларының ата-аналарына да түсіндіру жүріп жатыр. Ал оқушыларға қосымша тапсырмалар жіберіліп, сабақ кестесі бойынша өтті. Барлығы 100-ге жуық камера бар. Әр сәтті бақылап отырамыз», — дейді №64 орта мектеп директоры Латып Әліби. Ақтөбе облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша Ақтөбе қаласында 119 мектеп бар. Оның ішінде 87-сі мемлекеттік. 26 қаңтар күні бірінші ауысымда оқитын 57924 баланың 80 пайызы сабаққа келмеген.

Облыстық полиция департаменті жағдайдың тұрақты екенін айтып, ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Previous Post

Шымкенттің Бас жоспары кәсіпкерлермен бірге талқыланды

Next Post

Елімізде азаматтарды Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге жіберу үшін Сапар орталықтары ашылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі