13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында шахматтан балалар арасындағы Ел біріншілігі басталды. Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов пен Шымкент қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысты.
Ресми ашылу барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы арнайы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бұл чемпионаттың Шымкент қаласында өткізілуі – біз үшін үлкен мәртебе. Мұндай бастамалар өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оларды отансүйгіштікке және салауатты өмір салты құндылықтарына баулуға оң әсерін тигізеді. Бүгінде елімізде шахмат спорты қарыштап дамып келеді. Мемлекет басшысы шахматтың дамуына үлкен қолдау көрсетіп отыр, – деді Қ. Асылов.
Сондай-ақ қала әкімінің бірінші орынбасары: «Шымкент қаласынан бірнеше халықаралық гроссмейстер шыққан. Гүлмира Дәулетова, Гүлісхан Нақбаева, Жансая Әбдімәлік және жас Әлем чемпиондары Әбілмансұр Әбілқайыр, Мұқтар Айнақұлды атап өтсем болады. Бүгінгі бұл жас шахматшыларымыздың ішінен де еліміздің намысын қорғайтын халықаралық гроссмейстерлер шығатынына кәміл сенемін! – деп, жылы лебізін жеткізді.
Дүбірлі додада шахматтың классикалық, жылдам және шапшаң түрінен 6, 8, 10 және 12 жасқа дейінгі 600-ден астам спортшы бақ сынайды. Сайыс 10 күнге жалғасады.
Айта кетейік, ҚР чемпионатында жеңімпаз шахматшы Әлем біріншілігі, 2-орын иесі Азия біріншілігі, ал 3-орын алған жүлдегер Батыс елдерінің халықаралық турниріне қатысуға мүмкіндік алады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Next Post

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі