13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КӨПБАЛАЛЫ ЖАС АНА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ КӨМЕГІМЕН БАСПАХАНА АШТЫ

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
КӨПБАЛАЛЫ ЖАС АНА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ КӨМЕГІМЕН БАСПАХАНА АШТЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекеттік қайтарымсыз грант көптеген шымкенттіктің мақсатын жүзеге асырып, кәсіп бастауына көмек болуда. Көпбалалы ана Арайлым Садырбайқызына жобасын іске асыруда қайтарымсыз гранттың игілігі мол болды. 31 жастағы қала тұрғыны үй жағдайында мектептерге, балабақшаларға түрлі көрнекілік құралдар мен қабырға газеттерін шығарумен айналысады.
– Еңбек жолымды табу үшін мұғалім, архитектор мамандықтарын меңгердім. Сәулет саласындағы «CorelDRAW» графикалық-дизайн бағыты мені баспагер болуға жетеледі. Алғашында 1 млн теңге несиеге ноутбук, түрлі-түсті принтер, ламинаттың және түптеу құралдарын сатып алып, қызметімді ұсыну үшін балабақша мен мектептерді аралап шықтым. Білім ұйымдары қабырға газеттеріне тапсырыс бере бастады. Олардың дизайнын үйде жасап, өзге баспаханалардан басып шығаратын едік. 2023 жылы мемлекеттік қайтарымсыз гранттың ІІ легінде жеңімпаз болып, қаржыға үлкен принтер сатып алдым. Қазір түскен тапсырыстарды өзім сәндеп, үйдегі типографиядан басып шығарамыз, – дейді Арайлым Сайпилова.
Жуырда ол Мемлекеттік кірістер департаментіне алғаш рет кәсіпкер ретінде есеп тапсырып, салық төлеген. Алдағы уақытта үлкен баспахана салып, жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ 256 ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ 900-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі