13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Желіде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде атыс шығару мақсатымен топ құрған: Полиция тергеу басталғанын мәлімдеді

25 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Желіде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде атыс шығару мақсатымен топ құрған: Полиция тергеу басталғанын мәлімдеді
Share on FacebookShare on Twitter

Желіде Ақтөбе мектептерінде 26 қаңтарда атыс болады деген хабар таратқан арна пайда болды. Арнаға 1600-ға жуық адам жазылған.

Telegram-арнасында Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасауға дайындық басталып кеткені туралы ақпарат тарауда. Жазба авторы мылтық пен тапаншалардың суретін жариялаған.
“Шабуыл №27 мектеп-гимназиясы мен №21 лицейге бірінші жасалады. Бәріңіз өз күнәларыңыз үшін жауап бересіздер. Балаларды 26 қаңтарда жаппай атамыз”, – делінген хабарламада.
Полиция бұл арнаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
“Осы факті бойынша полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқан тұлғалар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз, – деп мәлімдеді Ақтөбе ПД.

Previous Post

Қазақстанда ең көп зейнетақы алатын адамға БЖЗҚ-дан айына 743 мың теңгедей түседі

Next Post

ҚАЛА ӘКІМІ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСІП, АШЫҚ СҰХБАТ ЖҮРГІЗДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі