Алматыдағы зообақ қызметкерлері жануарлардың жер сілкінісі кезінде қандай іс әрекет жасағанын көрсетті.
Зообақ қызметкерлерінің сөзінше, түн ішінде онда күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа адам болмайды
Қызметкерлердің айтуынша, жер сілкінісіне дейін жануарлардың ешқандай ерекше іс-қимылдары байқалмаған.
«Жер сілкінгеннен кейін қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек сияқты құстар шулай бастаған. Таңертең қызметкерлеріміз зообақтағы жалпы жағдайды тексеріп, барлық қоршауларды бақылап шықты. Олар қорыққаннан бір-бірінін құшақтап, бұрышта тығылып отырған Паша мен Лола шимпанзе жұбын көреді», — делінген хабарламада.