13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары жүргізілуде

9 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Шымкентте сорғы станцияларын қайта құру жұмыстары жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Аманкелді көшесіндегі қайта құрудан өткен сорғы станциясының жұмысымен танысты. 1Д1250-63 маркалы сорғы станциясы өткен ғасырдың 1970 жылдары салынған. Өндірістік қуаттылығы – 1250 м3/сағ. Бір жылға 2162,16 мың кВт/сағ. электр  қуатын пайдаланатын.

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында сорғы станциясын қайта құру бойынша 438,0 млн. теңге қаржы бөлінді.  Мердігер «Кокше Строй Плюс» ЖШС-і шілде айында қайта құру жұмыстарын жүргізді. 2020 жылдың 15 қазанында құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанға «Wilo» маркалы сорғылармен тығындық арматуралар орнатылды. Бүгінгі таңда аталған нысан 15-18 пайызға электр қуатын аз пайдаланып, орталықтандырылған жылу жүйесінде сапалы қызмет атқаруда.

Жаңғырту жұмыстарымен танысқан қала әкімі «Қуат жылу орталық -3» мекемсінің басшысы Пердебай Сабитовке сорғы станцияларын автоматтандырылған жүйеге көшіру және жылу жүйелері бағытында жаңа заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмыс жасау қажеттігін атап өтті.

Бүгінде Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде бірқатар нысандарды қайта құру, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, биыл Гагарин көшесіндегі сорғы станциясын қайта құру, Уәлиханов көшесіндегі K 1, Жанқожа батыр көшесіндегі К- 16, Жібек жолы көшесіндегі К-ЕДЖ сорғы станциясының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 2020 жылы шаһарда магистральды жылу желілерін күрделі жөндеу, ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Tags: 13kz13kz.kz13кзМұрат Әйтенов
Previous Post

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Next Post

"Нұротандықтар" кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мәселелерді талқылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі