13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Майқайыңда сканер көрсеткен аумақтан автобус табылмады

22 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Майқайыңда сканер көрсеткен аумақтан автобус табылмады
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Майқайыңда жер астына құлап кеткен адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Балқаштан жеткізілген георадар арқылы жер астын сканерлеп, автобустың болжамды орны анықталған еді. Алайда ол жерден автобус емес екі метрлік құбыр сынығы шықты, — деп хабарлайды 13kz.kz тілшісі Massaget.kz -ке сілтеме жасап.

Сол себепті құтқарушылар шұңқыр түбінен бірнеше жерді қазуды бастады.

«Біз кеше шұңқыр ішіне екінші мини эксковаторды түсірдік. Қазір екі техникамен бірнеше жерден қазып жатырмыз. Алдында сканер көрсеткен жерден құбыр шықты. Одан кейін тағы бірнеше рет сканер жасадық. Құрылғы жер астындағы кез келген темірге реакция береді. Сондықтан автобустың нақты жатқан орнын анықтау мүмкін емес» — дейді Павлодар облыстық ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев.

Бүгін «Майқайыңалтын» кен аумағында автобустың шұңқырға құлап кеткеніне 19 күн.

Жер астына түсіп кеткен автобустағы құтқарушы мен жүргізушінің өлі тірісі әлі белгісіз.

«Неге өзге мемлекеттерден көмек сұрамасқа». Майқайыңда шұңқырға құлаған автобус ішіндегі құтқарушының әйелі Президентке үндеу жасады.

Кеше, 21 қаңтарда табылмай жатқан құтқарушының әйелі Нұрсұлу Шаймерден ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап видео үндеу жолдады.

Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл

Previous Post

Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланатын болады

Next Post

«Біреуінің жағдайы ауыр»: Алматыда жер сілкінісі кезінде 3 адам терезеден секіріп кеткен

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі