13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Аурухана есігінің алдына тастап кеткен»: Ақтөбелік әйел жұмбақ жол апаты салдарынан қаза тапты

19 января, 2024
in Жаңалықтар
0
«Аурухана есігінің алдына тастап кеткен»: Ақтөбелік әйел жұмбақ жол апаты салдарынан қаза тапты
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтөбелік әйел жұмбақ жол апаты салдарынан қаза тапты. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы оқиға 1 қаңтарда болған. Марқұм Ирина Ш. жаңа жылды қарсы алу үшін Жайсаң ауылына ата-анасына барған. 1 қаңтар күні сағат 13:00 шамасында көршісін мерекемен құттықтауға кетіп, үйіне оралмапты. Туыстары оның сол күні не болғанын әлі түсіне алар емес.

“1 қаңтар күні әпкем көрші үйге қонаққа кетті. Біраз уақыттан кейін оның ұзақ уақыт байланысқа шықпағанын байқап, Ираның қайда екенін білу үшін көршіге баруды жөн көрдік. Көрші 20 минут бұрын шығып кеткенін айтты, бірақ үйге де оралмады. Кейіннен Ира Мәртөк ауруханасында, жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайының ауыр екенін білдік», – дейді марқұмның сіңлісі Елена Лакова.

Тергеу мәліметінше, Ирина дүкеннің жанында достарын кездестіріп қалған, достары оған көлікпен жеткізіп салуды ұсынып, әйел өз еркімен көлікке отырған. Үйіне жетіп, Ирина көліктен түскен соң, жүргізуші кері жүре бастаған, осы кезде Иринаны байқамай, оның үстінен басып өткен.

Жүргізуші Иринаны ауруханаға жеткізіп, ауыр жағдайда аурухана табалдырығына тастап кеткен. Әйел дереу сол жерде ауруханаға жатқызылды. Біраз уақыттан кейін жүргізуші полиция бөліміне келіп, Иринаны абайсызда қағып кеткенін мойындаған. 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Ирина көз жұмды. Өлімге қатысты сараптама жүргізілнен, оның нәтижесі әлі белгісіз.

“Бұл жігіттер оның танысы емес, Жайсаңда тұрмағанына 18 жыл болды, неге олардың көлігіне отырды? Олай болса да, күндіз көліктің артындағы адамды байқамау қалай? Оны қой сияқты жүксалғышқа салып апарған. Осы 17 күн ішінде бізге учаскелік полиция қызметкері де, тергеуші де келмеді. Іс жол-көлік оқиғасы ретінде тіркеліп, куәгерлер сұралмаған. Тергеушіге қояр сауалымыз көп», – дейді марқұмның сіңлісі.

Марқұмның артында күйеуі мен 10 және 13 жастағы кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші қазір уақытша ұстау изоляторында.

Previous Post

Алматы облысында 9-сынып оқушысы 14 жастағы қызды көлікпен қағып кетті

Next Post

"Тексеріс жіберіп, жауып тастаймын": Телефон арқылы кәсіпкерді қорқытқан полиция бастығы қызметінен кетті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі