13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Енді Шымкент қаласының тұрғындары бала төлқұжатын жасау үшін аз төлейтін болады

18 января, 2024
in Uncategorized
0
Енді Шымкент қаласының тұрғындары бала төлқұжатын жасау үшін аз төлейтін болады
Share on FacebookShare on Twitter

Енді Шымкент қаласының тұрғындары бала төлқұжатын жасау үшін аз төлейтін болады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаға төлқұжат дайындағаны үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгерді. Егер бұрын балалар төлқұжатының құны 8 АЕК – ті құраса, қазір екі есе аз төлейді. Енді оны дайындау үшін ата-аналар 4 АЕК немесе 14 768 теңге толейтін болады.
«Егер қазақстандықтар жеке куәлікті 16 жастан бастап алатын болса, ал төлқұжатты кез келген жаста алуға болады. Бұл құжатты рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін, ата-анасының бірінің жеке куәлігін және баж салығын төлеу туралы түбіртекті ұсыну керек», — деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Алтынай Татаева.
Бұл ретте қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Шымкент тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады.
Айта кетейік, 2023 жылы Шымкенттік жас тұрғындарға 23 мыңнан астам төлқұжат берілді.

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

"Африка елдеріне де берілген": Депутат шетелдіктер Қазақстаннан 9 мыңға жуық баланы алып кеткенін айтып дабыл қақты

Next Post

Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура бірлескен семинар өткізді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі