13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұшақ бортында стюардессаны ұрып жіберген қай қазақстандық әнші екені белгілі болды

18 января, 2024
in Жаңалықтар
0
Ұшақ бортында стюардессаны ұрып жіберген қай қазақстандық әнші екені белгілі болды
Share on FacebookShare on Twitter

Мас күйінде стюардессаны ұрған қазақстандық әншіге қатысты қандай шешім шыққаны белгілі болды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты,- деп хабарлайды 13kz тілшісі Massaget.kz сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің айтуынша, кінәлі азамат жауапкершілікке тартылған.

«2024 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен азамат Нұрымбетовәкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 АЕК немесе 55 380 теңге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды», — деді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Сұлтанбаев оқиғаның бір жыл бұрын болғанын еске салды.

«Иә, шынында да мұндай факт болды. Кінәлі Нұрымбетов 1982 жылы өмірге келген, Астана қаласының тұрғыны. Целиноград облыстық мәдениет үйінде жұмыс істейді. Ол мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған», — деді ол.

Еске сала кетсек, 18 желтоқсанда FlyArystan жолаушысы, көпшілікке танымал әнші және актер әуекомпанияның стюардессасына физикалық күш қолданып агрессия көрсетті деген ақпарат тараған болатын. Жолаушы сырт киімінің багаж сөресінде мыжылғанына наразы екенін айтқан. Содан кейін стюардесса жолаушының сыртқы киімін қол жүгінің үстіне қоюға көмектеспек болды, бірақ жолаушы одан күртесін тартып алып, стюардессаның маңдайынан ұрған.

Previous Post

Шымкентте «Қорғау» 33 миллион теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады

Next Post

"Африка елдеріне де берілген": Депутат шетелдіктер Қазақстаннан 9 мыңға жуық баланы алып кеткенін айтып дабыл қақты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі